Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


Фитопрепараттармен ДЗ өзара әрекеттесуі



Pdf көрінісі
бет21/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Фитопрепараттармен ДЗ өзара әрекеттесуі
 
Дәрілік шөптерді дәрігерлер жиі балаларға, қарттарға, сонымен 
қатар жүктілерге және лактация кезеңіндегі әйелдерге қолданады. 
Көптеген дәрілік шөптердің фармакологиялық әсері туралы 
деректер бар болғанымен, әр түрлі аурулар кезінде олардың 
тиімділігін дәлелдейтін рандомизирленген бақыланатын зерттеулер 
жүргізілу саны шектелген.
ДЗ дәрілік шөптермен өзара әрекеттесуі қазір жақсы зерттелуде.
Кейбір ДЗ фармакокинетика мен фармакодинамикасына дәрілік 


44 
шөптердің әсер етуін оқытуға арналған клиникалық зерттеулер, 
сонымен қатар клиникалық маңызды әрекеттесулер туралы 
жазбалар бар. Сол себепті жағымсыз дәрілік реакциялардың 
болмауы және осындай әрекеттесу нәтижесінде тиімділіктің 
төмендеуінің алдын алу үшін дәрігер фармакотерапияны жүргізу 
барысында бұл ақпаратты ескере отырып, науқастан құрамында 
дәрілік шөптері бар препараттар мен БАҚ қолданғанын сұрастыруы 
керек. 
• Сіңірілу кезіндегі ДЗ фитопрепараттармен фармакокинетикалық 
әрекеттесуі. Салмақ тастауда қолданылатын көптеген препараттар 
мен БАҚ құрамында ішті өткізетін дәрілік шөптер бар (сана, сабур, 
итшомырт, қаражеміс, алоэ). ДЗ олармен бірге қолдану ішек құрамы 
жылжу жылдамдығының жоғарылауына алып келеді, бұл көптеген 
ДЗ сіңірілуінің тежелуіне, ал ол өз кезегінде фармакотерапия 
тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. 
• Метаболизм кезінде ДЗ фитопрепараттармен фармакокинетикалық 
әрекеттесуі 
индукция 
механизмімен 
де, 
цитохром 
Р-
450
изоферментінің ингибирлену механизмімен де жүзеге асуы мүмкін. 
Шілтержапырақты шайқурай, қызылкүрең эхинацея, көк шай, 
дәрілік гүлшетен және т.б. индукторлар болып табылады. Цитохром 
Р-
450 
изоферментінің ингибиторы сарымсақ, теңбіл алатікен, 
сермене,
элеутерококк
болып табылады.
• ДЗ фитопрепараттармен синергиялық фармакодинамиялық
әрекеттесуіне ацетилсалицил қышқылы мен Гинкго билобаны бірге 
қолдану мысал бола алады, бұл жағдайда тромбоциттердің 
агрегациясына ықпалының тежелуіне байланысты антиагрегантты 
әсердің күшеюі байқалады, нәтижесінде геморрагиялық асқынулар 
қаупі жоғарылайды. Осындай механизммен тікелей емес 
антикоагулянттар (варфарин және т.б.) Гинкго билобамен 
әрекеттеседі, осындай біріктіруді қолданғанда субдуралдық 
гематома және субарахноидалдық қан құйылуы дамуы туралы 
жағдайлар сипатталған. Мұндай әрекеттесу тікелей емес 
антикоагулянттарды басқа да дәрілік шөптермен, соның ішінде 
сарымсақ, дәрілік балдырғанмен бірге қолдану кезінде дамуы 
мүмкін. Бұл жағдайда қан ұю көрсеткіштерін (ХҚҚ, АВР) бақылай 
отырып, қауіпсіздікті сақтау керек, себебі мұндай бірктірулер 
геморрагиялық асқынуларға алып келуі мүмкін.


45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет