40
шығарылатын
гентамицин
және
левомицетин
клиренсін
төмендетеді.
Препараттардың ағзадан шығарылу кезеңіндегі әрекеттесуі
жүйелі, сонымен қатар бүйректе жағымсыз әсердің туындауына
алып келуі мүмкін. Осылай, фенилбутазон оксиацетогексамидиннің
шығарылуын тежей отырып гипогликемияның дамуын шақырады.
Аммоний хлодиді сульфадиазин қабылдайтын науқастардың зәрінің
рН
төмендете отырып, қышқыл ортада тұнатын және бүйректі
зақымдайтын ацетилсульфадиазиннің түзілуіне алып келеді.
Өтпен
шығарылатын
препараттар
ішекке
түсіп,
реобсорбцияланады немесе ішек ферменттерінің, бактериялардың
әсерінен түзілетін өзгермеген түрде немесе метаболит түрінде
нәжіс арқылы шығарылады. Бауыр
және өт жолдары ауруларының
фармакотерапиясында өт арқылы біртіндеп пенициллиндер мен
цефалоспориндер
шығарылатынын
ескерген
жөн.
Бұл
препараттарды холецистит және холангитті емдеуде қолданған
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: