66
Гериатриялық тәжірибеде микроайналым мен церебральдық
қан айналымды жақсартатын препараттардың кеңінен қолданылуы
негізделмеген, себебі олар қарттық ақыл кемдігінің алдын алмайды.
Егде
адамдарда
антибиотиктердің
фармакокинетикасы
өзгереді.
Жартылай
синтетикалық
пенициллиндер,
цефалоспориндер ағзадан өте баяу шығарылады, бірақ олардың
қандағы концентрациясы жоғары болады. Бұл өзгерістер егде
адамдарда бүйрек қызметінің төмендеуімен байланысты болуы
мүмкін. Кейбір антибиотиктердің (тобрамицин, нетилмицин,
доксациклин, ампициллин) қандағы концентрациясы, олардың
таралуы мен шығарылуы егде және қарт адамдардың бүйрек
қызметі арасында тура байланыс анықталған.
Бұл
препараттардың
мөлшерлерін
шумақтық
сүзілу
төмендегенде азайту керек.
Қартайған кезде көп жағдайда психика мен ұйқы бұзылысы
дамиды, оларды қалпына келтіру үшін бензодиазепиндер сияқты
психотропты заттар қолданылады, егер науқастың жастық
ерекшелігі есепке алынбаса, олар егде адамдарда 40% жағдайда
кері әсерлер дамытуы мүмкін. Кейбір авторлар егде және қарт
адамдарда бензодиазепиндер мөлшерлерін екі есе төмендету
керектігін ұсынады. Қарттарда глюкоурон қышқылымен (оксазепам,
нитразепам,
лоразепам,
темазепам)
байланысатын
бензодиазепиндер фармакокинетикасы жас адамдардан өзгерісі
жоқ. Бірақ хлордиазоксид, диазепам шығарылуы егде жаста
тотықталған метилденудің тежелуі салдарынан төмендейді.
Үшциклдық
антидепресанттардан тек имипрамин мен
дезипромин шығарылуы егде адамдарда бұзылады.
Егде адамдарда әр түрлі дәрумендер мен минералдардың
жеткіліксіздігі тән деген ұғым кең таралған. Бірақ қазіргі уақытта
егде адамдарға нақты шартталған дәрумен тағайындаудың
қажеттілігі жоқ, дегенмен оларға арналған арнайы шығарылған
бірнеше топ препараттары бар. Бұндай препараттар ересек сау
адамға қажет тәуліктік қолдану есебінен алынған дәрумендер мен
басқа заттардан тұрады. Қазіргі таңда темір мен кальцийдің егде
және қарт адамдарға тағайындаудың қажеттілігі айқын дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: