Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет30/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 
 
 


67 
6 БӨЛІМ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРЛЕРІ 
 
Жағымсыз (қолайсыз, кері) реакциялар - адамдар дәрілік 
заттарды алдын - алу, диагностикалық, ем ретінде, сонымен қатар, 
физиологиялық қызметті түрлендіру және түзету мақсатында 
қабылдағанда дамитын ағза үшін зиянды, қауіпті реакциялар 
тіркесі.
 
Жағымсыз әсерлерді жағымсыз құбылыстардан ажырата білу 
керек, оны былай деп түсінеді, медициналық көзқарастар 
тұрғысынан алынғанда, препаратпен ем қабылдау кезінде пайда 
болған кез-келген қолайсыз көріністер бақыланған жағдайды 
айтамыз, олардың пайда болуының жүргізген еммен себеп-
салдарлық байланысы болуы міндетті емес. Бұл жағымсыз 
құбылыстардың дамуы тек уақыты бойынша қабылдаған 
препаратқа сәйкес келуі мүмкін. 
Дәрілік терапияның асқынулары және жағымсыз 
реакциялардың түрлері 
 
Дәрілік 
заттардың 
жағымсыз 
реакциясы 
және 
фармакотерапияның асқынуларының бірнеше жіктемесі бар.
А түрі - дәрілік заттардың фармокологиялық белсенділігімен 
байланысты жиі кездесетін, болжамалы реакциялар кез келген жеке 
тұлғада кездесуі мүмкін. 
В түрі - тек сезімтал адамдарда кездесетін, жиі емес, болжаусыз
реакциялар. 
С түрі - ұзақ уақытқа қолданатын терапиямен байланысты 
реакциялар (дәрілік тәуелділік). Мұндай реакциялар дәрілік 
тәуелділікке жатады (токсикомания, наркомания). 
D түрі - дәрілік заттардың канцерогенді, мутагенді және 
тератогенді әсері. 
Патогенетикалық қағида бойынша дәрілік заттардың 
жағымсыз әсерінің жіктелуі 
 
І. ДЗ химиялық табиғатына негізделген жағымсыз әсерлері; 
1. ДЗ спецификалық фармокологиялық әсеріне негізделген 
жағымсыз әсері; 


68 
а) әр түрлі мүшелердің бір типті рецепторларының немесе 
рецепторлардың әр түрлі типтерінің әсері салдарынан; 
б) эндогенді медиаторлық заттардың биотрансформациясының 
немесе синтезінің өзгерісі салдарынан; 
в) гуморальдық реттеуші механизмдерге әсер ету салдарынан 
(ферментативті, гормональдық). 
2. Цитотоксикалық табиғаттың жағымсыз әсерлері: 
а) жалпы жасушалық цитотоксикалық әсер; 
б) талғамалы цитотоксикалық әсер. 
3. Екіншілік жағымсыз әсерлер, мынаған негізделген: 
а) ағзадағы сапрофитті микрофлоралардың өзгерісіне; 
б) инфекциялық және паразитарлық аурулар қоздырғыштарының 
жаппай өлімінен. 
4. Дәрілік заттардың өзара бір-бірімен әрекеттесуінен немесе тағам 
өнімдерінің биологиялық белсенді құрамдас бөліктеріне негізделген 
жағымсыз әсерлер; 
5. Аллергиялық табиғаттың жағымсыз әсерлері; 
6. Дәрілік тәуелділік, 
7. Мутагенді, тератогенді және эмбриотоксикалық әсер. 
ІІ. ДЗ ағза реакциясы ерекшеліктеріне негізделген жағымсыз 
әсерлер: 
1. Ағзаның генетикалық нақты ерекшеліктерімен байланысты 
жағымсыз әсерлер: 
а) ферментопатия салдары; 
б) дәріге тұрақтылықтың өзгеруімен бірге тұқым қуалаушылық ауру 
салдары. 
2. Ағзаның жүре пайда болған ерекшеліктерімен байланысты 
жағымсыз әсерлер. 
а) кейбір физикалық жағдайларда (ерте балалық жас, қарттық жас, 
жүктілік, лактация) ағзаның дәрілік заттарға сезімталдығының 
өзгеру салдары; 
б) дәрілік заттың элеминациясына қатысушы ағза аурулары кезінде; 
в) дәрілік заттарға сезімталдықтың өзгерісімен жүретін аурулар 
кезінде; 
г) науқастың жеке ерекшеліктеріне негізделген; 
д) зиянды әдеттер (темекі шегу, маскүнемдік т.б.) немесе қоршаған 
ортадағы жағдайсыз себептері әсер етуіне негізделген. 


69 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет