72
Артралгия және артриттер көптеген препараттардың жағымсыз
әсерлері, аллергиялық реакция нәтижесінде дамиды. Науқастағы
подагралық
артрит салуретиктер, этамбутол нәтижесінде зәр
қышқылының іркілуінен немесе жасуша және жасуша ядросының
жаппай бұзылысын цитостатиктермен емдеу кезінде оның
түзілуінің күшеюі салдарынан болуы мүмкін.
Альгодистрофия - бұл сүйектердің, бұлшық еттің, буындардың,
фиброздану салдары ретінде терінің, жиі буындық қабықша
тіндерінің ауырсынатын трофикалық
өзгерісі болып табылады,
мысалы, изониазидпен, фенобарбиталдармен емдеу кезінде иық-
қолда ауырсыну синдромы болады.
Сүйектер көбінесе остеопороз және остеомаляция және рахит
түрінде зақымдалады. Остеомаляция және рахит тырыспаға қарсы
заттар (фенитоин, фенобарбитал), Д дәруменінің ыдырауын
шақыратын гипокальциемия, Д дәруменінің
сіңірілуін тежелуін
шақыратын
глюкокортикоидтар
әсерінен
сүйек
минерализациясының азаюмен жүретін кальций алмасуының
бұзылуына
байланысты.
Сирек
алюминиймен
созылмалы
уланғанда, антацидтерді қабылдау нәтижесінде гипофосфатемия
дамуы мүмкін.
Остеопороз рентгенологиялық анықталатын сүйек тінінің
жұқаруымен сипатталады, кейде ауырсынумен және спонтандық
сынумен жүреді. Ол кортикостероидтарды
қабылдағанда, сирек
гепаринмен емдегенде дамиды. Остеобласттарды белсендіретін
фторидтерді
артық
мөлшерде
қолданғанда
сүйек
минерализациясының күшеюімен жүретін остеосклероз дамиды.
Осы сияты әсерге әсіресе, балаларда Д дәруменінің және
антацидтердің артық мөлшері әкеледі.
Миастения перифериялық миорелаксанттармен ғана емес,
сонымен
бірге
антибиотиктермен
(аминогликозидтер,
тетрациклиндер,
макролидтер,
пеницилламин,
хлорохинмен,
хинидинмен, литий, b-блокаторлармен) де шақырылуы мүмкін.
Аминогликозидтер кураре тәрізді әсер көрсетеді.
Миастенияның
көрінісінің
күшеюі
жарғақшаны
тұрақтандырушы
заттарды, трансмемраналық өткізгіш кальциді
тежейді мысалы, жергілікті анестетиктер, b-блокаторлардың әсер
етуінен болуы мүмкін. Ерікті қозғалыс біткеннен кейін сақталатын
бұлшық еттер тонусының жоғарылуымен жүретін миотония
73
хлорохинонмен, аминокапрон қышқылымен емдеу кезінде
байқалады.
Атаксия түріндегі бұлшықет күші үйлесімділігінтің
бұзылысы
нейролептиктердің артық мөлшерімен байланысты болады.
Паркинсонизм көрінісі секілді діріл (тремор) бета
2
-адренергиялық
рецепторларды ынталандыруы кезінде байқалады.
Рабдомиолиз
цитостатиктермен,
амфотерицинмен,
карбеноксолонмен,
опиаттарды
және
амфетаминді
ұзақ
қабылдағанда шақырылуы мүмкін.
Ауырсынусыз өтетін жеделдеу және созылмалы миопатия
белгілі. Неғұрлым жиі кездесетін типтік және кеңінен танымал
кортикостероидты миопатия. Оған тән көріністер - бұлшықет
әлсіздігі, бірақ жеңіл дәрежесінде тек электромиограмманың
өзгерісі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: