Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет33/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Гематологиялық бұзылыстар
 
Қан жағынан байқалатын өзгерістер дәрілік заттардың ең көп 
таралған жағымсыз реакцияларына жатады. Мыңнан көп 
препараттарды қабылдау кезінде дамыған жағымсыз реакциялар 
туралы жазылған.
Пенициллин, цефалоспориндер, инсулин, хлорпропамид және 
басқа бірнеше препараттарды қолданғанда гемолитикалық анемия 
кездеседі. Г-6-ФДГ жетіспеушілігі кезінде гемолиз дамуы бұл 
ферменттің жеткіліксіздігі кезінде эритроциттер оксиданттар 
әсерінен қорғаусыз болады және тез ыдырайды. Гемолиз кейде тек 
инфекцияның болуымен қатар байқалады. Г-6-ФДГ жетіспеушілігі 
кезінде ацетилсалицил қышқылы, хлорохин және басқа препараттар 
гемолизді шақырады. 
Метотрексатпен, фенитоиндермен емдегенде - мегалобластты 
анемия, изониазидпен, циклосеринмен, левомицетинмен емдегенде 
- сидеробласты анемия дамиды. Бутадион және кейбір стероидты 
емес қабынуға қарсы препараттар, левомицетин, цитостатиктер, 
сонымен бірге ауыр металлдар, бензол, хлорпирамид, колхицин, 
стрептомицин, сульфаниламидтер, толбутамид апластикалық 
анемияны шақырады. 
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды, оның ішінде 
жиі амидопиринді қолданғанда агранулоцитоз дамиды. Одан басқа, 


74 
каптоприл, левомицетин, хлортиазид, хлорпропамид, фуросемид, 
толбутамид препараттары да агранулоцитозды шақырады.
Цитостатиктермен, ацетазоламид, амидопирин, ампициллин, 
цефалоспорин, 
левомицетин, 
хлорпромазин, 
хлорпропамид, 
фуросемид, 
метилдопа, 
эстроген, 
пенициллин, 
хинидин, 
стрептомицин препараттары жиі тромбоцитопенияны шақырады. 
Тромбоцитопенияның дамуы сүйек миындағы мегакариоциттерге 
немесе антидененің түзілуіне препараттардың токикалық әсер 
етуімен байланысты.
Құрамында эстроген және гестогені бар ұрықтануға қарсы 
заттарды қабылдау кезінде тромбоз дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет