70
Терінің гиперпигментациясы тікелей
терінің қабаттарында
қатталуына байланысты мысалы, күміс (аргироз), фенотиазиннің,
цитостатиктер, АКТГ әсерінен каротиннің немесе меланиннің
(меланоз) жиналуының жоғарылауы байқалады. Бет терісінің
меланинмен қоңырға боялуы гормональдық контрацептивтерді ұзақ
жылдар бойы қабылдағанда болатыны анықталды.
Депигментация витилиго кезінде мысалы, кортикоидтарды
жергілікті қабылдаған соң
және эпидермис атрофиясымен
байланысты болады.
Терінің ашық бөліктеріндегі күнге күюге
жақын жерлерде
өзгерген
фотодерматоздар
фенотиазинмен,
тетрациклинмен,
сульфаниламидтермен, амиодаронмен ем жүргізгенде байқалады.
Олар фототоксикалық және фотоаллергиялық әсерлерге негізделген
болуы мүмкін. Бірінші жағдайда дәрі ультракүлгін сәулесінің
әсерінен токсикалық қосылысқа айналады, екінші жағдайда келесі
толық
антиген
түзілуімен
гаптенге
тасымалданады.
Фототоксикалық реакция мөлшерге тәуелді болып келеді және
мөлшерлеуден кейін барлық науқастарда ем бастаған соң 8-18
сағаттан кейін пайда болады.
Фотоаллергиялық реакциялар мөлшерге байланыссыз жеке
сипат алады. Қайта пайда болған
фотодерматоздар терінің
қайтымсыз өзгерісіне әкелетін жағдай қатарында болуы мүмкін.
Амиодарон терінің көк түске боялуымен бірге мөлшерге тәуелді
фототоксикалықты шақырады. Фотоаллергиялық әсер гормоналдық
контрацептивтармен,
барбитураттармен,
хлорохинмен,
хлортиазидпен, хлоропамидпен, сульфаниламидтермен және т.б.
препараттармен ем жүргізгенде байқалады.
Теріастылық липоатрофия инсулиннің көп реттік инъекциясы
кезінде пайда болуы мүмкін.
Панникулит тері асты май шел қабатының ошақты қабынулық
өзгерісі және ол глюкокортикоидтарды тез шектеу кезінде кездесуі
мүмкін. Акне
тәрізді
пустулезді бөртпелер мен себорея
андрогендердің,
кортикостероидтардың,
тырыспаға
қарсы
препаратттар, туберкулостатиктердің әсер етуінен пайда болады.
Кейде бұл жағдай бауырдың (дәрілік немесе ішімдікпен)
зақымдануымен қатар болады.
Цитостатиктермен емдеуді бастағаннан 1-2 аптадан соң тікелей
әсерінен шаш ұзындығының қысқаруы немесе оның түсуі
71
(алопеция)
пайда
болады.
Шаштың
қайтымды
түсуі
андрогендердің, тиреостатиктердің, гиполипидемиялық заттардың,
ретиноидтардың әсер етуі нәтижесінде байқалады.
Беттегі,
қол-аяқтардағы
гипертрихоз
глюко-
кортикостероидтардың, миноксидил,
пеницилламин әсерінен
дамиды.
Тырнақтардың өзгеруі бәрінен бұрын әртүрлі түстегі сыртқы
пигментация түрінде болуы мүмкін: қара (күміс нитраты), қанық
қоңыр (дитронол), қоңыр (калий перманганаты), сары (клиокинол).
Кейбір дәрілерді ішке қабылдағанда да тырнақты сары
(тетрациклин), қызыл (фенолфтамин), қанық қоңыр (алтын) түске
өзгертеді.
Тырнақ өсуінің бұзылысы цитостатиктердің тікелей токсикалық
әсерінен немесе ретиноидтардың, ал кейде тетрациклин, псорален,
беноксапрофеннің және т.б.фотобелсенділігіне негізделген болады.
Достарыңызбен бөлісу: