7
Медициналық институттағы КФ кафедрасы, меңгерушісі -
профессор В.Г. Кукес.
Өткен жүзжылдықтың соңғы онжылдығы медициналық
техниканың қарқынды дамуымен өтті, дәрігер тәжірибесіне
биохимиялық,
цитологиялық,
микробиологиялық,
электрофизиологиялық, иммунологиялық және басқа да әдістердің
енуіне байланысты, науқас ағзасындағы ДЗ өзгеріске әкелетін іс-
әрекеті жайлы, олардың фармакокинетикасы, өзара әсерлесуі,
препараттарды науқас ағзасына
енгізу
жолдары, дәрілік
препараттардың тиімділігін бақылау мен қауіпсіздігі тағы басқалар
туралы көптеген тың ақпарат жинақталды.
Осы ақпаратты біріктіретін мамандарға деген қажеттілік пайда
болды да, ақыры жаңа пән – КФ құрылумен аяқталды. Барлық
алдыңғы қатарлы елдерде КФ кафедралары мен зертханалары
құрылды; осы сала мамандары аурухана штатына кірді.
ХХI ғасырдың басында КФ ДЗ ұтымды қолданудың маңызды
негізіне айналды, ал фармакокинетикалық зерттеулер – дәрілік
препараттарды зерттеудің айырылмас бір маңызды құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылады. ДЗ абсорбциясын, таралуын, метаболизмі
мен элиминациясының сандық бағалауын жасау, дәрігердің
қолында бар препараттар арсеналынан оңтайлы қолдана алуына
және ұтымды мөлшерлеу тәртібін құрастыруға ұсыныстар жасауға
көмектесті.
Мынаны ескеру керек, ұтымды ФТ үшін сол ДЗ туралы барлық
мүмкін болатын мәліметтерді науқастың жеке ерекшеліктері мен
оған тағайындалған препаратқа берген реакциялары (оң және теріс)
жайлы біліммен біріктіре қолдана алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: