Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды


ДЗ ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеше әсер



Pdf көрінісі
бет14/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

ДЗ ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеше әсер 
етуі 
Әйелдерде 
жүктілік 
кезінде 
дәрілік 
препараттарға 
сезімталдығы жоғарлайды. 
ДЗ–ға деген сезімталдық жасқа байланысты өзгеріп отырады. 
Осыған байланысты, перинатальдық фармакологияны бөліп 
қарастырады, ол гестацияның 24 аптасынан босануға дейінгі және 
нәрестелерге (өмірінің 4 аптасына дейін) ДЗ әсер ету 
ерекшеліктерін зерттейді. ДЗ-ға деген сезімталдылық бойынша 
гестацияның соңғы 3 айы мен нәрестелердің алғашқы өмір сүру 
айында үлкендерге қарағанда өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл 
көптеген ферменттердің белсенділігіне, бүйрек қызметінің 


30 
төмендеуіне, гемато-энцефалдық тосқауылдың өткізгіштігінің 
жоғарлауынан және ОЖЖ дамуына байланысты. Осы кезеңде 
рецепторлардың ДЗ-ға сезімталдығы басқаша болады. Егде және
қарт жастағы адамдарда, ДЗ-дың сіңірілуі баяу, метаболизмнің 
тиімділігі аз, бүйрекпен препараттардың экскрециясы төмендейді. 
Жалпы алғанда егде және қарт адамдарда көп дәрілерге 
сезімталдылық жоғарылаған, сондықтан да тағайындағанда 
мөлшерін азайту керек. Осымен қоса дәрілік заттарды таңдағанда 
токсикалығы аз байқалатын түрлерін тағайындаған дұрыс. 
Егде және қарт адамдарға ДЗ-дың әсер етуін зерттеу 
(гериатриялық фармакология) қазіргі таңда үлкен маңыздылыққа 
ие, себебі халық арасында осы жас тобындағы адамдар саны 
көбейіп келеді. 
ДЗ-ға сезімталдық генетикаға байланысты. Бұл сандық және 
сапалық 
жағынан 
көрінеді. 
Мысалы, 
қан 
плазмасында 
холинэстеразаның генетикалық жеткіліксіздігінен миорелаксант 
суксаметоний йодидінің әсер етуі 6-8 сағатқа және одан әрі көп 
уақытқа ұзарады (қалыпты жағдайларда препарат 5-7 минутта ғана
әсер етеді). 
Әр түрлі дәрілік заттарды ағзаға енгізуіне атипиялық 
реакциялар (идиосинкразия) даму мысалдары белгілі. Мысалы, 8-
аминохинолин тобының малярияға қарсы препараты (примахин) 
генетикалық энзимопатиясы бар адамдарда гемолиз тудырады 
(глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілігі хинонның пайда 
болуына алып келеді, ол гемолитикалық әсер береді). Басқа да 
гемолитикалық әсер беру ықтималдығы жоғары дәрілік заттар 
белгілі. Оларға аминохинолиндер (примахин, хлорохин), 
сульфондар 
(дапсон), 
нитрофурандар 
(фуразолидон, 
нитрофурантоин), 
сульфаниламидтер 
(сульфаниламид, 
сульфаметоксипиридазин, 
сульфацетамид), 
наркотикалық 
анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы) және басқа заттар 
(налидикс қышқылы, хинин, хинидин, хлорамфеникол) жатады. 
Дәрілік заттардың ағзаның сезімталдығына генетикалық әсер 
етуін зерттеу – фармакологияның фармакогенетика саласының 
негізгі мақсаты. 
Препараттардың әсер етуі ағзаның жалпы жағдайына, соның 
ішінде қосымша патологияға байланысты тағайындалған дәрілерге 
байланысты болады. Мысалы, қызу түсіретін препараттар дене 


31 
қызуын қызба кезіңде ғана түсіреді (нормотермияда олар әсер 
етпейді). Жүрек гликозидтерінің қан айналымға әсер етуі, тек қана 
жүрек 
жеткіліксіздігі 
кезінде 
ғана 
көмектеседі. 
Ганглиоблокаторлардың гипотензивті әсері симпатикалық жүйке 
жүйесінің тонусы жоғары болғанда әсер етуі айқын байқалады.
Қалқанша 
безінің 
гиперфункциясы 
кезінде 
миокардтың 
эпинефринге сезімталдығы жоғарлайды.
Тәуліктік ырғақтың маңызы
Тәуліктік ырғақ ағзаның қызмет етуінде үлкен маңызға ие. 
Жалпыға белгілі, сергектік пен ұйқының кезектесуі, жүйке жүйесі 
мен эндокринді бездердің белсенділігіне, осыдан басқа да мүшелер 
мен жүйелерге әсер етеді. Ол өз кезегінде ағзаның әр түрлі 
препараттарға 
деген 
сезімталдығында 
көрінеді. 
Тәуліктік 
кезеңділіктің фармакологиялық тиімділікке тәуелділігін зерттеу – 
хронофармакология деп аталатын жаңа бағыттың негізгі мақсаты. 
Хронофармакологияның құрамына - хронофармакодинамика мен 
хронофармакокинетика кіреді. Тәуліктің уқытына байланысты, 
заттардың әсері сандық және сапалық өзгеруі мүмкін. ДЗ айқын 
әсері ең жоғарғы белсенділік кезеңде болады. Мысалы, 
ауырсынуды басатын морфин таңертеңгі немесе түнгі уақытқа 
қарағанда, түстен кейінгі уақытта белсенді. Анальгетикалық 
белсенділікке байланысты эндогенді пептидтердің тәуліктік 
өнімділігі ауытқып отырады (энкефалиндер мен эндорфиндер). 
Стенокардия кезінде нитроглицерин түстен кейінгі уақытқа 
қарағанда таңертең тиімдлігі жоғары болады. Заттардың 
токсикалығы 
тәуліктік 
кезеңділікке 
тәуелді 
мысалы, 
фенобарбиталдың токсикалық мөлшерін жануарларға тәуліктің әр 
түрлі уақытында енгізгенде, өлім 0-ден - 100% арасында ауытқып 
тұрады. Фармакологиялық көрсеткіштер де тәуліктік ырғаққа 
байланысты. Жеке қарастырғанда, саңырауқұлақтарға қарсы 
препарат гризеофульвиннің адамдаға ең жоғары сіңірілуі күндізгі 12 
сағатқа сәйкес келеді. Тәулік бойы заттардың метаболизмі өзгеріп 
отырады (мысалы, фенобарбитал). Тәулік уақытына байланысты
фармакологиялық заттарды элимининациясы мен бүйректің
қызметі де өзгеріп отырады. Дәлелдегендей, амфетаминнің үлкен 
көлемі бүйрекпен таңертеңгі уақытта шығарылады, ол зәрдің рН-на 
байланысты. Литий препараттары тамыр ішіне енгізгенде күндізге 
қарағанда түнде аз бөлінеді. Сонымен, препараттардың 


32 
фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы тәуліктік кезеңділікке 
тәуелді. Ескертетін жағдай, ДЗ пен ағзаның тәуліктің әртүрлі 
уақытында байланысуы, әр түрлі патологиялық жағдайлар мен 
ауруларда өзгереді.
Хронофармакология саласындағы мәліметтер шектелген болса 
да, осы мәліметтер препараттарды уақытқа байланысты ұтымды 
бөлуде күмәнсіз. Физиологиялық функцияларға мезгілдік 
ырғақтың, ДЗ-дың тиімділігіне әсер ететіні белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет