Таралуы
Парентеральды немесе ішке қабылданған дәрілік заттар
негізінде қанға түсіп, барлық мүшелерге жеткізіледі. Дәрілік
заттардың ағзаларға таралуының деңгейі мен жылдамдығы негізінде
жүректің минуттық көлемі мен қантамырдың тонусына тәуелді
қанағыстың мөлшері көп әсер етеді. Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер
ететін препараттар (жүрек гликозидтері, гипотензивті, прессорлық,
антиаритмиялық препараттар, диуретиктер) басқа дәрілік заттардың
таралуына, сонымен қатар олардың қарқындылығы мен ұзақтығына
әсер етеді.
Тіндер және қан сарысуының ақуызымен байланысуы
Кейбір дәрілік заттар қанға еніп, ақуыздармен қайтымды
байланысады. Байланысқан түрдегі препараттар белсенді емес және
фармакологиялық әсері жоқ. Басқа заттардың ақуыздармен
байланысын жоғарылататын немесе керісінше, төмендететін дәрілік
заттар бар. Көп препараттар сарысу ақуызымен 90-98%
байланысады
(фенилбутазон,
индометацин,
варфарин,
сульфадиметоксин). Егер науқас бір уақытта сол ақуызға
байланысуы жоғары препаратты қабылдаса, ол ақуызбен кешендегі
бірінші препаратты ығыстырып, байланыссыз, фармакологиялық
белсенді түрдегі қандағы мөлшерін жоғарылатады. Нәтижесінде
оның терапиялық әсері ғана емес, сонымен қатар токсикалық әсері
де жоғарылауы мүмкін. Препараттың ақуызбен байланысы 98 ден
96% төмендесе, ол қанда байланыссыз түрінің концентрациясының
екі есе жоғарылауына алып келеді. Дәрілік заттардың басқа
препараттарды ақуыз кешенінен ығыстыруы оның концентрациясы
мен альбуминге байланысын жоғарылатады. Мұндай әсерге ақуыз
37
кешенімен біріккен варфарин мен фенотоинді ығыстыратын
клофибрат, сацилаттар, фенилбутазон, оксифенилбутазон және
индометацин препараттарына тән қасиет. Сульфаниламид,
дикумарол және салицилаттар толбутамид және метотрексаттың
әсерін күшейтеді. Тек дәрілік заттардың өзі ғана емес олардың
метаболиттері де ақуызбен кешендегі басқа препараттарды
ығыстыра
алады.
Мұндай
метаболиттерге
мысалы,
хлоралгидраттың алмасу өнімі – үшхлор сірке қышқылы жатады.
Дәрілік заттар көптеген байланысу бөліктері бар әр түрлі
сарысу ақуыздарымен байланыса алады. Мысалы, альбуминдердің
түрлі препараттарға әр түрлі аффинитеттілігінің осындай 10 кем
емес бөліктері бар. Байланысу бөліктерінің қанығуы кезінде
шамадан көп препарат басқа ақуызбен байланысады. Осылайша
преднизалон глобулинмен байланысады, бірақ ұзақ емделгенде
басқа дәрілердің бұл затпен кешенге түсуі төмендейді. Мұндай
жағдайда шамадан тыс препарат альбуминмен байланысады.
Неврологияда дәрілік препараттарды бірге қолданғанда
гематоэнцефалдық кедергі өткізгіштігінің өзгеруі маңызды дәлел
болып табылады. Осылай кофеин мен эуфиллин менингококкты
менингитте пенициллиндердің жұлын-ми сұйықтығына енуін
жоғарылатады. Осындай әсер пробенецидті амоксициллинмен бірге
қолданғанда байқалады.
Биотрансформация
Әдетте дәрілік заттардың биотрансформациясы екі деңгейде
жүреді. Бірінші деңгейде бастапқы байланыспен салыстырғанда
үлкен, бірдей немесе одан аз фармакологиялық белсенділігі бар
метаболиттер пайда болады, ал екінші деңгейде олар ағзадан тез
шығарылатын суда еритін коньюгаталарға айналады. Дәрілік
заттардың биотрансформациясы белсенділігін өзгерте алатын
бауырдың микросомальдық ферменттерінің әсер етуімен жүзеге
асырылады. Көптеген дәрілік препараттар басқа дәрілік заттардың
бір түрден екіншісіне айналуын катализдейтін ферменттердің
белсенділігін жоғарылатуға және синтезін жылдамдатуға қабілетті.
Бұл механизм арнайы ферментпен байланысу қабілетімен
байланысты (мысалы, Р
450
цитохромы). Нәтижесінде ферменттердің
индукциясы препараттың жартылай шығарылу кезеңін төмендетеді.
Метаболизмнің ынталандыруы қайтымды болып табылады.
38
Индукторды алып тастағанда жартылай шығарылу кезеңі
жоғарылайды және қандағы дәрілік зат бастапқы немесе одан да
жоғары деңгейге жетеді.
Басқа
дәрілік
заттың
фармакологиялық
белсенділігін
төмендетумен жүретін фенобарбиталдың, рифампициннің және
фенитоинннің (дифенин) индуцирлеуші әсері жақсы зерттелген.
Осылай фенобарбитал соңғысының мөлшерін жоғарылатады ал,
варфариннің
антикоагулянттық
әсерін
төмендетеді.
Фенобарбиталды алып тастағанда варфариннің метаболизмі
бастапқы деңгейге келеді; бірақ науқас сол мөлшерде қабылдаған
антикоагулянт қан кетуді тудыруы мүмкін. 14% жағдайда басқа
препараттардың әсерінен болған ферменттердің индукциясы
антикоагулянттарды қолданғанда қан кетудің себебі болады.
Қазіргі таңда барбитураттар, глютетимидтер, дихлоралфеназон,
гризеофульвин, фенитоин, клофибрат ферменттердің индукциясын
шақыратыны белгілі.
Микросомальдық тотықсыздану ферменттерінің индукторы
эндогенді
заттардың
метаболизмін
күшейтеді.
Осылай
фенобарбитал
билирубиннің,
К
және
D
дәрумендерінің
биотрансфорамациясын жоғарылатады. D дәрумені кальциферол
деңгейінің төмендеуінен ұзақ уақыт ұйқы шақыратын дәрілер
ішінде ноксиронды қолданатын егде жастағы адамдарда кенеттен
сүйектерінің сынуы және кальций метаболизмінің бұзылысына
алып келеді. Фенитоин глюкокортикоидтардың, тестостерон және
тироксиннің метаболизмін күшейтеді. Кейбір дәрілік заттар басқа
дәрілік заттардың метаболизмінде қолданылатын ферменттердің
белсенділігі
мен
синтезін
баса
алады.
Тікелей
емес
антикоагулянттар,
изониазид,
фенилбутазон,
метилфенидат,
дисульфирам, сульфафеназол тырысуға қарсы фенитоиннің
биотрансформациясын тежейді және жиі оның токсикалық әсерін
шақырады. Толбутамид және фенилбутазонды, тікелей емес
антикоагулянтты немесе хлорамфениколды негізгі терапиялық
мөлшерде бірге қолданғанда бірінші гипогликемияны шақырады.
Науқасқа ксантиноксидаза және аллопуринолдан метаболизденген,
осы ферменттің ингибиторы азатиоприн немесе 6-меркаптопуринді
бір уақытта тағайындағанда болған өлім жағдайлары белгілі.
Циметидин варфарин мен антипириннің метаболизмін басады.
Кейде медициналық тәжірибеде басқа дәрілік заттарың
39
метаболизмін бұзатын препараттардың қабілеті қолданылады.
Маскүнемдік емінде қолданатын дисульфирам осыған мысал бола
алады. Бұл препарат ацетальдегид бұзылысын тежейді, ал қанда
жиналып қалған жағдайда адамға жағымсыз әсер шақырады.
Метронидазол және сульфанилмочевина туындылары да осындай
әсерге ие.
Бір дәрілік заттың биотрансформациясы екіншісімен тежелуі
екі заттың
метаболизмінде
бірдей ферменттер қатысқан
жағдайларда да болуы мүмкін. Бірақ препараттардың осындай
түрдегі бәсекелестігі арақатынасының клиникалық маңызы әлі
толық белгілі емес.
Достарыңызбен бөлісу: |