33
болады. Ал ағзаның немесе нысана – мүшелердің
функционалдық
жағдайында патологиялық үрдіс болатын болса, ДЗ –дың реакциясы
төмендеуі, мүлдем болмауы немесе бұрмалануы да мүмкін.
34
4 БӨЛІМ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі деп - бір дәрілік заттың
тиімділігі мен қауіпсіздігінің басқа дәрілік затпен бірге немесе одан
кейін қолдану кезіндегі өзгеруін айтамыз. Дәрілік заттардың
тиімділігі
мен қауіпсіздігі тағаммен, ішімдікпен, темекі түтінінің
компонеттерімен, фитопрепараттармен әрекеттесу нәтижесінде
өзгеруі мүмкін. Дәрілік заттардың тиімділігі
мен қауіпсіздігінің
фармакотерапиясын жоғарылататын өзара әрекеттесу ДЗ ұтымды
біріктіру негізінде жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: