Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет23/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


47 
5 БӨЛІМ. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУДАҒЫ ЖАСТЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕР 

ДЗ-ды жүктілік кезінде қабылдау 
 
Жүктілерді емдеу - медициналық қызметкерлердің жұмысында 
кездесетін КФ күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл кезде 
негізгі 
және 
күрделі 
сұрақтардың 
бірі 
кез-келген 
ДЗ
тағайындаудағы оның пайдасы мен қаупінің ара қатынасы болып 
табылады. Себебі жүкті әйелдің ағзасы ана – ұрықжолдас – ұрық 
болып бір жүйеде қызмет атқарады.
Жүктілік кезінде ем қабылдаудың нәтіжесінде жаңа туған 
нәрестелердің 1/3 емге деген реакция байқалады. Дәрілік заттарды 
қабылдаудың салдары тек қана дәрінің түріне, мөлшеріне және 
емнің ұзақтығына ғана байланысты емес, жүктіліктің мерзіміне де 
байланысты. Жүктілік кезінде дәрілік заттарды пайдаланудың 
салдары белгілі. Дәрілік заттардың ұрыққа әсері түсік тастауға, 
шала туылуға, жатыр ішілік гипотрофияға, геморрагиялық 
синдромға (гипо және гиперкоагуляция, шашыранды тамыр ішілік 
ұю синдромы - ШТҰ), тыныстың және жүрек қызметінің тежелуіне, 
жүрек ырғағының бұзылысына, неврологиялық бұзылыстарға 
(дірілдер, тырысу), жедел бүйрек жеткіліксіздігіне, қалқанша 
безінің, бүйрек үсті безінің қызметінің бұзылыстарына, үлкен 
мерзімдегі ісіктерге әкелуі мүмкін.
Ең қауіпті кезең, яғни эмбриогенез кезінде жағымсыз 
себептердің, соның ішінде микроағзалардың, дәрілік препараттың 
немесе зат алмасу қалдықтарының жоғары мөлшерінің әсер ету 
қаупі жоғары болады.
Жүктіліктің бірінші аптасында зиянды себептерлардың әсері 
ұрықтың өліміне және жүктіліктің үзілуіне немесе керісінше қалдық 
өзгерістерінің мүлдем болмауы да мүмкін (бәрі немесе ештеңе 
қағидасы), бұл эмбрионның жоғары дәрежедегі регенерациялық 
қабілетіне байланысты болады. 
Осы кезеңнің соңында жасушалардың дифференциациясы 
басталады, эмбрионның зат алмасуы жоғарылайды және 
регенерациялық қасиеті төмендейді. Бұл уақытта дәрілік заттарға 
деген сезімталдылық артады (І-қауіпті кезең). Имплантациядан 
кейін органогенез кезеңі басталады, бұл кезең жатыр ішілік өмірдің 


48 
3-4 айында аяқталады. Бұл кезеңде ең сезімталдығы жоғары
болатын фаза алғашқы 3-8 апта болып табылады (ІІ-қауіпті кезең), 
бұл кезде дәрілік заттың тератогенді және эмбриотоксикалық әсері 
жиі көрінеді, содан ұрықтың даму ақауына немесе өліміне әкеледі. 
Бұл кезеңде дифференциация үрдісіндегі мүшелер зақымдалады. 
Даму ақауы дәрілік заттың эмбрионалдық мүшеге және тінге 
тікелей әсерінен болады. Препараттың кейбір спецификалық 
тератогенді әсерлері бар. Органогенезден кейін ұрықтық немесе 
фетальдық кезең басталады, даму ұзақтығы 40 аптаға дейін 
созылады.
Бұл кезеңде эмбриотоксикалық және тератогенді зақымданулар 
кездеспейді, бірақ дәрінің андрогенді әсеріне байланысты әйел 
жынысты ұрықтың жыныс мүшелерінің даму ақауы кездеседі. 18-22 
аптада (ІІІ-қауіпті кезеңі) бас миының, гемопоэздың гормон 
бөлінуінің биоэлектрлік белсенділігінде айтарлықтай өзгерістер 
болады. 
Клиникалық 
қолдану 
және 
тәжірибелік 
зерттеулердің 
нәтижесінде дәрілік заттың ұрыққа қауіп дәрежесі А-дан (қауіпсіз) 
D (жүктілік кезінде қолдануға рұқсат етілмейтіндеге) дейін 
жіктеледі, сондай ақ Х санаттағы (мүлдем рұқсат етілмейтіндері) де 
бар. 
А тобы - туа пайда болған ақауларға және ұрыққа деген 
зақымдаушы әсері дәлелденбегендіктен жүкті әйелдер мен бала 
тууға қабілетті жастағы әйелдердің көптеген бөлігі бұл топтағы ДЗ-
ды қабылдаған. 
В тобы - туа пайда болған ақауларға және ұрыққа деген 
зақымдаушы әсері дәлелденбегендіктен жүкті әйелдер мен бала 
тууға қабілетті жастағы әйелдердің шектелген бөлігі бұл топтағы 
ДЗ-ды қабылдаған. Жануарларға жүргізілген зерттеулерге қарағанда 
бұл топтағы ДЗ-дың ұрық ақауының жиілігіне және ақау болған 
күнде де оның ДЗ-дан екендігі дәлелденбеген. 
С тобы - жануарларға зерттеу жүргізген кезде бұл топтағы ДЗ-
дың эмбриотоксикалық және теретогенді әсерлері дәлелденген. ДЗ-
тың ұрыққа немесе нәрестеге қайтымды зақымдаушы әсері бар, 
бірақ туа біткен ақауларға әкелмейді деген болжам бар. Бұл зерттеу 
адамдарға жүргізілмеген. 
Д тобы - туа біткен ақауларға немесе ұрықтың қайтымсыз 
зақымдануларына әкеледі немесе соған күдік туғызады. ДЗ 


49 
қабылдауда оның ұрыққа деген қаупі мен ықтималдық пайдасының
арақатынасын салыстыра білу керек. 
Х тобы - бұл топтағы дәрілік заттарды пайдалану туа біткен 
ақауларға немесе ұрықтың едәуір зақымдануына әкеледі, сондай-ақ 
дәрілік заттың тератогенді немесе эмбриотоксикалық әсері 
жанурларға және адамдарға жасалған зерттеу кезінде дәлелденген. 
Бұл топтағы дәрілік заттарды жүктілік кезінде қабылдауға 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет