50
тасымал және пиноцитозға байланысты. Ұрықжолдасы арқылы
ағзаға бөтен заттардың енуі салыстырмалы болады, кей
жағдайларда заттардың концентрациясы жоғарлағанда ұрыққа кез-
келген заттар өтіп кетуі мүмкін. Әсіресе, ұрықжолдастың
жұқаруы, бүрлер санының көбеюі және алмасу ауданы көлемінің
ұлғаюы жүктіліктің 32-35 аптасында жоғарылайды. Ұрықтың өсуіне
байланысты
оның ағзасына су көптеп енеді, жасуша сыртылық
сұйықтықтың көлемі осының салдарынан азаяды. Осының
салдарынан суда еритін препараттардың көлемі ұлғаяды. Ұрықтың
канайналымының ерекшелігі дәрілік заттармен зақым келтіруі
ұлғаяды. Ұрықжолдасы арқылы өткен дәрілік заттар кіндіктік
венаға өтеді. Кіндіктік венадағы қанның көп мөлшері (60-80%)
бауыр
арқылы қақпа венасына өтеді, бірақ 20-40% қан кіндіктік
қанайналым арқылы төменгі қуыс венаға түседі. Сол себепті ұрық
жолдасы арқылы өткен дәрілік заттар жүрекке, миға және бауырға
дейін барады. Гипоксия салдарынан миды қамтамасыз ететін қан-
тамырда, қан жоғарлайды. Ұрықтың қан құрамы дәрілік заттардың
бөлінуі үшін маңызды болады. Дәрілік
заттардың метаболизімдік
үрдісі қорғаныштық механизм ретінде саналады, соның салдарынан
интоксикация және аккумуляцияны болдырмайды. Пайда болған
метаболиттер улы, олар өз алдына дамып жатқан ағзаны
зақымдайды. Дәрілік заттардың метаболизімі ересектерге қарағанда,
ұрықта баяу өтеді, себебі ферменттердің белсенділігі төмен немесе
олардың мүлдем болмауы да мүмкін.
Гепатоциттегі қышқыл ферменттердің белсенділігі ұрықта
алғашқы 3-айдың соңында анықталады, дегенмен 20-80%
ересектердегідей болады. Ферменттердің
қышқылдық қасиеті
дәрілік заттарға және эндогенді заттарға қарағанда (гормондар, май
қышқылы және т.б.) төмен. Ересектерде дәрілік заттардың
метаболизмінің орталығы мүшесі бауыр болса, ал ұрықта
биотрансформация үшін маңызды рөлді бүйрекүсті безі алады.
Ұрықтың бүйрекүсті безіндегі цитохром Р
450
концентрациясы
бауырдағыға қарағанда жоғары болады. Дегенімен цитохром Р
450
ферменттері әр түрлі уақытта жетіледі.
Сол себепті бір топқа
жататын дәрілік заттардың қышқылдануы әр түрлі болады.
Мысалы, кофеинге қарағада теофиллин биотрансформацияға ерте
және тез ұшырайды. Ұрықжолдасының қышқылдану қасиеті төмен
және ол жүктілік мерзіміне қарай өзгереді. Дегидрогеназалар
51
белсенділігі (алкогольдегидрогеназа, альдегиддегидрогеназа) төмен
және жүктілікке байланысты төмендей береді. Ұрық үшін ең
маңызды шығару мүшесі ретінде ұрықжолдас есептеледі.
Ұрықжолдас арқылы тасымалдану үшін маңызды себептер ретінде
майда еруі болып табылады. Ұрықтың екінші маңызды шығару
мүшесі – бүйрек. Жүктілік соңында зәр жинау жылдамдығы 15-20
мл/сағ. Зәр құрамында амниотикалық сұйықтыққа қарағанда 2-5 рет
жоғары несепнәр, креатинин және зәр қышқылы болады. Ұрық
бүйрегіндегі
дәрілік
заттардың
экскреция,
кальций
тасымалдануының белсенділігінің жетілуіне және түзілуіне
байланысты. Амниотикалық сұйықтыққа түскен
дәрілік заттарды
ұрық жұтып, ішектерде қайта сорылуға ұшырауы мүмкін. Дәрілік
заттардың мөлшері ұрықтың жұтқан амниотикалық сұйықтығына
байланысты. Жүктілік соңында 5-70 мл/сағ. құрайды. Кейбір дәрілік
заттар ұрық ағзасында қайта айналымға ұшырап, токсикалық
әсердің ұзаруына әкеліп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: