Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет25/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Ұрыққа және жаңа туған нәресте балаға әсер ететін 
препараттар тобы. 
Жүктілік кезінде дәрілік заттардың тағайындалуы немесе 
тағайындалмауы әлі шешілмей тұр. Бір жағынан жасырын түрде 
өтіп жатқан әр түрлі аурулар ұрыққа әсерін тигізсе, енді екінші 
жағынан дәрілік заттарды қолдану арқылы ұрыққа жағымсыз әсерін 
тигізеді. 
Бұл сұрақты шешу мақсатында мынадай жағдайларды ескерген 
жөн: 
- жүктілік – әр түрлі симптомдардың көрнісімен жүретін, тек 
кейбір 
жағдайларда 
ғана 
дәрілік 
заттарды 
қолданатын 
физиологиялық жағдай; 
- жүктілік кезінде алдын алу мақсатта берілетін дәрілік заттар 
қауіпсіз болу керек; темір препараттары мен полидәруменді 
препараттар барлық әйелдердің ас үлесіне кіруі керек; 
- препаратты таңдау барысында, дәріні қолдану ұзақтығы 
ескеріледі. 
Жүкті әйелдердің 80%-да алғашқы І-ші үшайында кейде ІІ және 
ІІІ үшайында ерте токсикоздың белгілері – құсу, жүрек айну көрніс 
береді. Бұл симптомдардың барлығы дәрілік терапияны қажет 
етпейді. Ең алдымен ем дәм ұсынылады. Керек жағдайда
пиридоксин (10мг) және дицикломин (10мг) тәулігіне 2-3 рет ішке 


52 
тағайындалады. Әсері болмаған жағдайда фенотиазин тобының 
препараттары тағайындалады. Аминазин препараты құсуға қарсы 
препарат ретінде тағайындалады. Бірақ фенотиазин тобының 
препараттары сияқты (меклозин, прометазин), аминазин препараты 
да ұрықта ақаудың пайда болуын тудыруы мүмкін. Сонымен бірге 
үздіксіз құсу су-электролиттік және гемодинамикалық бұзылыстар 
тудыруы арқылы ұрыққа кері әсерін тигізеді. 
Жүктілік кезіндегі кеш токсикоз ісінулер, нефропатия, 
артериялық 
гипертония, 
эклампсиямен 
көрніс 
береді. 
Преэклампсияның алдын алу үшін 3-айынан бастап антиагрегант – 
дипиридамол 
(300мг/тәу) 
және 
ацетилсалицил 
қышқылы 
(150мг/тәу) қабылдайды.
Дипиридамол (курантил) ұрықтың тінінде гликогеннің 
жиналуын тудырып, гипоксияны болдырмайды. Ацетилсалицил 
қышқылын аз мөлшерін қолдану ұрыққа деген зиянын 
тудырмайды. 
Артериялдық гипертония жүкті әйелдердің 1-2% кездеседі. 
Жүкті әйелдердегі АҚ жоғарлауы ұрыққа кері әсерін тигізеді, яғни 
фетаұрықжолдасты 
қанайналымның 
бұзылуы 
әр 
түрлі 
дистрофиялық өзгерістер ұрықжолдастың мерзімінен бұрын 
қартаюына алып келеді, кейде оның инфаркты да болады. 
Бұлшық етке әсер ететін гипотензивті дәрілік заттар ұрыққа 
кері әсерін тигізеді, сонымен қоса магний сульфаты ұрықтың ОЖЖ 
тежеуіне әкеледі. 
Гидралазин (апрессин) босанған әйелдерде тахикардия, 
стенокардия, құсуды шақыруы мүмкін. Ұрыққа тікелей кері әсерін 
тигізбейді. 
Резерпин (рауседил), раунатин (раувазан) ұрықтың дамуын 
кешеуілдетеді. Егер анасы босанарға дейін резерпин қабылдаған 
болса, онда ол ұрықтың ағзасына түсіп моноаминооксидаза 
метаболизмін 
тудырып 
гистаминнің 
инактивациясының 
кешеуілдеуіне және ринорея, бронхорея тудырады. 
Агонист α-адренорецептор метилдопа (допегит, альдомет) 
ОЖЖ рецепторына әсер етеді. Ұрық сонымен қоса ОЖЖ дамуына 
кері әсерін тигізетін препараттардың қасиетін төмендетеді.
Аса қауіпті асқыну бұл аутоиммунды гемолитикалық анемия, 
бауырды зақымдайды (ұзақ уақыт қабылдаса). Клонидин ұрыққа 
метилдопаға ұқсас әсер береді. 


53 
b-адреноблокаторлар бүйрек қанайналымына және шумақтық 
сүзілу қызметінің төмендеуіне әсер етеді (надололдан басқасы). 
Адреномиметиктер жатыр бұлшық етіне әсерін көрсетеді, ол өз 
кезегінде жатырдың уақытынан бұрын жиырылуын, уақытынан 
бұрын босану және түсік тастауға әкеледі. b-адреноблокаторлар 
ұрықжолдас арқылы өткізгіштікті төмендетеді, жатыр-ұрықжолдас 
қанайналымын нашарлатады, соның салдарынан ұрықтың дамуы 
кешеуілдейді, гипотрофия және босану жолдарының әлсізденуіне 
әкеледі. Ұрыққа деген әсері брадикардия, тыныстың төмендеуі, 
гипогликемия және сарғаюмен көрінеді. Жалпы айтқанда b-
адреноблокаторларды жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Бірақ 
қарынша үсті тахикардиясы кезінде анаприлин мен пиндолол
қолданылады.
Ганглиоблокаторлар (бензогексоний, пентамин және т.б.)
акушерлікте жиі промедол және пипольфенмен бірге қолданады. 
Бірақ, аса сақтықпен қолдану керек, яғни бұл препараттар жатыр-
ұрықжолдас қанайналымының төмендеуіне әсер етеді. Осыған орай 
жатыр ішілік гипоксия салдарынан ұрықтың өлімі кездескен 
жағдайлар сипатталып жазылған. Анасы мен ұрықта динамикалық 
ішек өтімсіздігі даму қауіпі тағы бар.
Жедел қабыну ауруларында, басы аурғанда әйелдер жиі 
ацетилсалицил қышқылын қабылдайды. Оны жүктіліктің алғашқы 
мерзімінде (аптасында 1 рет қолданудың өзі) ұрыққа кері әсер етуі 
мүмкін. Салицилаттардың кері әсерлері: 

эмбриотоксикалық әсер, ұрық резорбциясы; 

туған соң нәрестелерде жүрек-тамырлық ақаулар (сол жақ 
қарыншаның гипоплазиясы, қарыншааралық перденің ақауы, 
артериалдық түтіктің ерте жабылуынан өкпелік гипертонияның 
дамуы) мен диафрагмальдық жарықтармен көрінетін тератогенді 
әсер; 

тума гипотрофияға әкелетін ұрықтың өсу жылдамдығына әсері. 
Бұндай әсерді басқада стероидты емес қабынуға қарсы 
препараттар (СЕҚП) шақырады: индометацин, ибупрофен, 
флуфенам қышқылы, напроксен. СЕҚП ішінен әсіресе, 
ацетилсалицил қышқылын жүктіліктің кеш мезгілінде қабылдау 
тромбоциттердің қызметіне әсер етуінен, ұрықта қан кетудің себебі 
болуы мүмкін және ұзақ уақытқа созылған жүктілікке әкеледі. 


54 
Осы себепке байланысты жүктілік кезінде стероидты емес 
қабынуға қарсы препараттарды қабылдауға болмайды. Егер жүкті 
әйел дәнекер тіннің диффузды ауруымен, бронх демікпесімен 
ауыратын болса глюкокортикоид тағайындауға қажеттілік тууы 
мүмкін. Барлық жағдайда жүктілік мерзімін, емнің мөлшері мен 
ұзақтығын есепке алған дұрыс. Кейде бұл препараттардың емдік 
әсері ұрық дисморфогенезі қаупін тудыруға қарағанда ана үшін 
емдік әсері жоғары бағаланады. Преднизолонды және басқа 
глюкокортикоидтарды ұзақ уақыт қабылдау дәнекер тінінің даму 
ақауынан басқа ұрықтың құрсақішілік дамуының артта қалуына 
әкеледі (тәулігіне 10мг преднизолонды қабыдаудың өзі ұрық 
дамуының артта қалуына әкеледі). Анасы жүктіліктің соңғы 
үшайлық ішінде преднизолонды ұзақ қабылдаса жаңа туған нәресте 
балада гипогликемия, бүйрекүстілік криздер болады. Бұндай 
балалар туғаннан бастап алмастырушы гормональдық терапияға 
мұқтаж болады.
Кітаптарда антигистаминді препараттардың ұрыққа тератогенді 
әсер етуі жайлы жазылса да акушерлікте қолданылады. Тәжірибеде 
меклизин 
мен 
циклизин 
ұрықта 
кіреберіс 
тарылуын, 
синдактилияны, анальдық тесік атрезиясын, өкпе, бүйрек және қуық 
гипоплазиясын, 
гидроцефалияны 
дамытқаны 
анықталды. 
Жүктіліктің ерте мерзімінде олар ұрықтың резорбциясын 
шақырады. Аномалияның жиілігі 5 %-ды құрады, бақылауда 1,5-
1,6%-ды құрады. Гистамин ұрықжолдастық тосқауыл арқылы тез 
өтіп, эндометрий стромасының жасушаларының децидуальдық 
тінге айналуына әкеліп, ұрықтың дамуы мен имплантациясына 
қалыпты жағдай жасайды. Жарғақша өткізгіштігіне әсер етіп, ана 
мен бала арасындағы алмасу үрдістерін, органогенезді реттейді. 
Антигистаминді препараттар бұл үрдістерді бұзады. Сондықтан, 
антигистаминді 
препарттарды 
қабылдау 
қарсы 
көрсеткіш 
болғандықтан, жүктілік кезінде, әсіресе бірінші үшайлықта оларды 
мақсатты түрде абайлап тағайындаған дұрыс.
Диабетке қарсы препараттардың ұрыққа кері әсерін бағалау 
қиын, қант диабетінің өзі ұрықтың даму ақауына әкеледі. Қант 
диабетімен ауыратын жүкті әйелдерде сульфанилмочевина 
туындыларын қолданылғанда инсулинмен емдеуге қарағанда 
перинатальдық өлім жиілігі жоғары болды. Тәжірибелік 
мәліметтерге сүйенсек, бұл препараттар ұрық өсуін тоқтатады, даму 


55 
ақауларының (микрофтальм, анофтальмия, катаракта, анэнцефалия) 
түзілуіне әкеледі. Инсулин адам ұрықжолдасы арқылы өтпейді, 
сондықтан жүкті әйелдерде қант диабетін осы препаратпен емдеген 
дұрыс.
Жүрек гликозидтері ұрықжолдас арқылы өте алады, бірақ 
олардың концентрациясы ана мүшелеріне қарағанда ұрықта төмен 
дәрежеде болады.
Жүктілік кезінде антикоагулянттардан қауіпсіз түрде гепаринді 
қолдануға болады. Ол ұрықжолдас арқылы нашар өтеді және 
протамин сульфатын тез бейтараптайды. Гепаринді жүктіліктің 
бірінші үшайлық ішінде және соңғы үш аптада ұрыққа салдарсыз 
болғандықтан қабылдауға болады; 13 пен 37-ші аптада тікелей емес 
антикоагулянттарды қанның ұюын төмендету мақсатында абайлап 
қолданылған дұрыс деген пікірлер бар. Тромбоэмболияның алдын 
алу мен емдеуде тек қысқа курстар алуға болады. Жиі 
антикоагулянттар түсікке, ұрықтың құрсақішілік өліміне және жаңа 
туған нәресте балаларда геморрагиялық көріністерге әкеледі.
Стрептокиназа ұрықжолдас арқылы өтпейді, сондықтан оны 
жүктілік кезінде қалыпты мөлшерде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет