43
алады. Бірінші жағдайда ол бауыр ферменттерінің белсенділігін
тежейді және барбитураттар, бензодиазипиндер, фенотиазидтер,
амитриптилин, ішке қабылданатын қант төмендеткіш заттар және
тікелей
емес
антикоагулянттар
сияқты
заттардың
биотрансформациясын баяулатады. Осыған байланысты олардың
тиімділігі
жоғарылайды.
Сонымен
қатар,
көрсетілген
препараттардың өздері де этил спиртінің ағзаға әсерін күшейтеді.
Этил спиртін ұзақ қолданғанда (созылмалы маскүнемдік),
керісінше, дәрілердің метаболизміне қатысатын ферменттердің
белсенділігінің жоғарылауымен жүреді. Осы жағдайда көптеген ДЗ
(барбитураттар, бензодиазепиндер, парацетомол) ФТ тиімділігі
төмендейді.
ДЗ (метронидазол, фурозалидон, хлорамфеникол және т.б.)
этанолмен бірге қолданғанда биотрансфорамацияның тежелуі
нәтижесінде антабусты әсер байқалады. Ағзада ацетальдегид
(этанол тотықсыздану өнімінің бірі) шамадан тыс мөлшерде
жиналып, интоксикация пайда болады. Бауырдың ішімдікпен
зақымдануы кезінде көптеген дәрілік заттардың метаболизмі
бұзылатынын білу керек. Бұд жағдайда препараттардың жартылай
шығарылу кезеңі жоғарылап, олардың материалдық кумуляциясына
және улануына алып келуі мүмкін.
Темекі шегу де осылай ФТ әсер етеді. Темекі буының
бөлшектері (никотин, 3,4-бензиперен және олардың туындылары )
кейбір дәрілік заттардың айқын дәрежеде биотранформациясын
өзгертеді. Мысалы, темекі шегу пропранолол, теофиллин,
хлорпромазин және диазепамның метаболизм жылдамдығын
жоғарылататыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: