41
әрекеттесуі сияқты антогонисті препараттардың бәсекелесіне мысал
бола алады.
Жергілікті әсер ету орнында препарат кинетикасының өзгеруі
Дәрілік
препараттар
жергілікті
тасымалдауды,
биотрансформацияны және басқа заттар тіндерінің белсенді емес
бөліктерімен байланысуын өзгертуі мүмкін.
Негізінде бұл
кинетикалық өзгерістер препараттардың фармакодинамикалық
өзара әрекеттесуіне жатады, себебі олар арнайы рецепторлардың
аймағында пайда болып және дәрілік заттардың әсер ету
механизмімен тығыз байланысты. Мұндай әрекеттесуге үшциклдық
антидепресанттың әсерінен гипотензивті
препарат гуанетидиннің
белсенділігінің
өзгерісі
мысал
бола
алады.
Гуанетидин
адренергиялық
нейрондардың
аяқшаларына
еніп,
моноаминооксидазамен бұзылатын норадреналиннің шығарылуын
шақырады.
Норадреналин
қорының
азаюы
тамырлардың
синаптикалық иннервациясы мен АҚ төмендеуіне алып келеді.
Үшциклдық антидепресанттар жарғақшалық-тасымалдаушы жүйені
тежеп, симпатикалық нейрондармен гуанетидиннің енуін бұзып,
әсер етуіне кедергі жасайды. Гуанетидинмен немесе бетанидинмен
жақсы емделген науқастарға дезипраминді тағайындау АҚ
жоғарылауына және кей жағдайда препараттың гипотензивті әсерін
толық жоюға алып келеді.
Медиаторларға әсері
Кейбір
дәрілік
заттардың
терапиялық
әсері
арнайы
рецепторлардың тікелей
қозуы немесе тежелуіне емес, ол қозуды
өткізгіш медиаторларға әсер етуімен байланысты. Мұндай
препараттардың тиімділігі бір уақытта бірдей медиаторларға әсер
ететін дәрілік заттарды қабылдау кезінде айқын өзгереді. Осыған
резерпиннің моноаминооксидазаның
ингибиторымен әрекеттесуі
мысал
бола
алады.
Резерпин
МАО-мен
бұзылатын
катехоламиндерді шығарып, медиаторлар қорының азаюына алып
келеді. МАО ингибиторымен резерпин әсерінің жойылуы резерпин
әсерінен шығарылатын медиаторлар метаболизмінің бұзылысының
нәтижесі болады. МАО ингибиторы медиаторлар бұзылысын
баяулатып, эфедрин мен басқа да
адреномиметикалық заттардың
әсерін ұзартады және күшейтеді.
Анестезиологияда ацетилхолинге сезімтал рецепторларын
42
тежейтін кураре тәрізді антогонистер және ацетилхолинге айналуын
катализдейтін ферментті тежейтін антихолинэстеразалық заттар
кеңінен қолданады. Осы топтың ішінен прозерин, галантамин және
басқа
да
препараттарды
ағзаға
енгізгенде
ацетилхолин
концентрациясы жоғарылайды, бұл сүйек бұлшық еттер
рецепторларынан миорелаксанттарды
ығыстырып шығып, қозудың
жүйке-бұлшықет жолы арқылы өтуін қалпына келтіреді.
Рецепторлар сезімталдығының өзгерісі
Кейбір препараттар басқа дәрілік заттарға тіндердің
сезімталдығын өзгертеді. Рецепторлардың сенсибилизациясының
механизмі әлі де түсінікті емес. Циклопропанды немесе фторотанды
наркоз кезіндегі адреналиннің
миокардқа сезімталдығының
жоғарылауы жүрек ырғағы бұзылысының себебі болып табылады.
Диуретикалық заттардың әсерінен калий қорының азаюы
миокардтың жүрек гликозидтеріне сезімталдығын жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: