14
үшін, кейбір препараттардың (пропранолол,
аминазин, опиаттар)
ішке қабылдағандағы мөлшері, көк тамырға енгізгендегі мөлшеріне
қарағанда, жоғарырақ болуы керек. Сорылу үрдісінде бауыр арқылы
біріншілік өту кезіндегі заттар биотрансформациясын жүйе алды
метаболизм деп аталады. Жүйе алды метаболизм қарқындылығы
бауырдағы қан ағу жылдамдығына тәуелді.
Дәрілердің асқазан мен ішектерде сорылу үрдісіне рН әсер
етеді, ол асқазанда 1-3, он екі елі ішекте — 5-6, ал
ащы мен тоқ
ішекте — 8 маңында болады. Қышқылдар асқазанда, ал негіздер —
ащы мен тоқ ішекте жақсы сорылады. Асқазанның қышқылды
ортасында кейбір дәрілік заттар ыдырауы мүмкін.
Дәрілік заттарға тағы да асқазан-ішек жолдарындағы
ферменттері де
әсер етеді, олар ақуыздар мен полипептидтерді
(АКТГ, вазопрессин, инсулин т.б.)
тағы басқа заттарды
(прогестерон, тестостерон, альдостерон) белсенділігін төмендетеді.
Өт қышқылдарының тұздары дәрілік заттардың сорылуын
жеделдетуі немесе ерімейтін қосылыстар түзгенде бәсеңдетуі
мүмкін.
Дәрілік
заттар
сорылуына
асқазан-ішек
жолдарының
моторикасы,
тағамның көлемі мен құрамы, қабылдаған сұйықтық
мөлшері, тағам мен дәріні қабылдау аралығы да әсер етеді.
Осылайша, сүт тетрациклиндер, ампициллин мен амоксициллиннің
сорылуын бұзады. Тағы да мынаны ескеру керек, тағам асқазан сөлі
мен тұз қышқылының бөлінуін ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: