Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
80
шағын бизнес сферасына көптеген ресурстар көлемін назар
аударту мақсатымен Қор екінші деңгейдегі банктер беретін
шағын және орта кәсіпкерліктің кепілдендірілген несиелерін
жүзеге асырады. Мұндай жоба кезінде бүкіл қатысушылар,
жобаға қызығушылық танытатын – банктер, ШОК, және Қор
арасында тәуекелдерді қайта құру шарттары құрылады.
Қатысушы жақтардың үлесі әр нақты жобаның спецификасына
байланысты міндеттеледі. Негізгі шарттар төменде келтірілген:
Қаржылық лизинг Қор (лизинг беруші) шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне (лизинг алушыдан) көрсетілген лизингтік мүлікті
сатушыдан меншігіне алады және оны шағын кәсіпкерлік
субъектілері лизингке 3 жылдан кем емес мерзімге береді. Ша-
ғын кәсіпкерлік субъектілері Қорға лизинг мерзімі кезінде ли-
зингтік төлемді төлеп отырады және лизинг мерзімі біткен кезде
лизингтік мүліктің меншік құқығы шағын кәсіпкерлік субъек-
тілеріне ауысады. Лизингтік мүлік құрал-жабдықтар, техника,
өндірістік мекемелер және т.б. негізгі құралдар бола алады.
Экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан
қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта
бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік
қолдау олардың салалық тиімділігіне қарамастан, шағын және
орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетіледі.
Біріншіден,
бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы
жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды
іске асыруға бағытталады. Екінші деңгейдегі банктер шағын
және орта бизнеске несие беру бойынша барлық бағдарлама-
лардың операторлары болады. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін
қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған
лимит 3-тен 5 млн АҚШ долларына дейін өседі.
Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және
орта бизнес үшін сыйақы мөлшерлемесін тұрақтандыру бойын-
ша (14%-тен аспайтын) шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді
мөлшерлемені тіркей отырып, шағын және орта бизнесті қолдау
бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын
болды.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
81
Қазіргі таңда Қор
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры
деп
атауын өзгерткен, сонымен қатар шағын және орта бизнеске
берілетін несиелерге жаңадан кепілдік беру тетігін енгізді.
Екіншіден,
«Самұрық-Қазына» қоры ауылдық жерде шағын
несие берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге несие беру-
дің бағдарламасын әзірледі.
Үшіншіден,
шағын және орта бизнес субъектілерін тұрақты
тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында оларға «Мемлекет-
тік сатып алу туралы» заңның қолданылуы шеңберінде мемле-
кеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компа-
ниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізу ұсынылды.
Жер қойнауын пайдаланушылармен және сервистік компа-
ниялармен қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс
күшейтілді.
Төртіншіден,
Үкімет кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік
кедергілерді төмендету және рұқсат беру жүйесін одан әрі
жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша
«Даму» қорының негізгі
құралдары
– екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландыру, проценттәк мөлшерлемелерді
субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік
мәмілелерді және микронесиелік ұйымдарды жеңілдікпен
қаржыландыру, сондай-ақ қаржылық емес қолдау беру (білім
беру, консалтинг, ақпараттық-сараптамалық қолдау).
«Даму» қоры елдің кәсіпкерлігін дамытудың негізгі
мемлекеттік институты болып табылады және Қазақстанның
барлық 14 облысында және Астана және Алматы қалаларында
өңірлік филиалдары бар.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
82
Достарыңызбен бөлісу: