1.4
Капитал жұмсалымы және оның
инвестиция жүйесіндегі орны
Әрбір кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін атқару үшін өз
иелігінде негізгі қорлары болуы тиіс. Ал мұндай қорларды құру
үшін, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды ұстап
тұру үшін капитал жұмсалымы қажет. Капитал жұмсалымы
инвестиция түсінігінің құрамына жатады. Қазіргі уақытта
инвестицияның жартысынан көп бөлігі капитал жұмсалымына
тиесілі, сондықтан да
капитал жұмсалымы
дегеніміз – жаңа
қорларды құру және істеп тұрған негізгі қорларды кеңейту,
реконструкциялау, сонымен қатар, оларды техникалық жағынан
қайта жабдықтауға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда капитал жұмсалымы ұдайы
өндірісті кеңейтудің басты көзі болып саналады. Сонымен
қатар, күрделі капитал жұмсалымына құрал-жабдықтарды мон-
таждаумен байланысты шығындар, монтаждауды талап ететін
және талап етпейтін құрылыстың сметасына қосылған құрал-
жабдықтарды сатып алуға жұмсалынған шығындар, құрылыс-
тың сметасына жататын өндірістік құралдар мен шаруашылық
заттарын алуға жұмсалынған шығындар, құрылыстың смета-
сына кірмейтін машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға
кететін шығындар, сондай-ақ, жобалау мен зерттеу жұмыс-
тарына жұмсалынатын шығындар да жатады.
Капитал жұмсалымының тиімділігі оның жұмсалу бағыт-
тарына, құрылымына, кезеңдеріне, сонымен қатар құрылымдық
жұмысты жүзеге асыру мерзіміне тікелей байланысты болып
келеді. Капитал жұмсалымы экономиканың тұрақтылығына,
өнеркәсіптік-өндірістік әлеуеттің өсуіне және ұдайы өндіріс
қарқынының жоғарылауына әсер етеді.
Жұмсалыну бағытына байланысты капитал жұмсалымы екіге
бөлінеді:
1.
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы;
2.
Өндірістік емес бағыттағы капитал жұмсалымы.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
20
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы
кәсіпкерлікті
дамыту және қолдау туралы бағдарламаға сәйкес келесідей
бағыттарға жұмсалынады:
ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өндіру, қайта
өңдеу, тасымалдау және сақтауға;
өнеркәсіп тауарларын, оның ішінде халық тұтынатын
тауарларды өсіруге;
ғылыми-техникалық прогресті дамытуға;
құрылыс байланыс және көлік салаларын дамытуға;
коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету салала-
рын дамытуға жұмсалады.
Өндірістік емес бағыттағы капитал жұмсалымы
бұл білім
беруге, денсаулық сақтауға, мәдинет және өнер саласын
дамытуға, қорғаныс және құқық қорғау саласына, тұрғын үй
құрылысына жұмсалынады.
Сондай-ақ, капитал жұмсалымы өндірісті пайдалану бағы-
тына қарай келесідей құрылымдарға бөлінеді:
салалық;
техникалық;
ұдайы өндірістік.
Салалық
бойынша капитал жұмсалымы халық шаруашы-
лығы салаларына, экономиканың басынқы секторларына,
сонымен қатар ауыл шаруашылығы кешеніне бағытталады.
Капитал жұмсалымының техникалық құрылымы құрал-жаб-
дықтарды сатып алу шығындары, құрылыстық-монтаждық жұ-
мыстар және басқа да капитал жұмсалымдары аралығындағы
қатынасты анықтайды.
Техникалық құрылымның активті бөлігі неғұрлым көп болса,
соғұрлым техникалық құрылым тиімді болып есептелінеді.
Құрал-жабдықтарды сатып алу шығындарын капитал жұмса-
лымының
активті бөлігі
деп, ал құрылыстық-монтаждық
жұмыстарды
пассивті бөлігі
деп аталды.
Капитал жұмсалымынын ұдайы өндірістік құрылымы жаңа
қорларды құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістік қорларды
кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жағынан қайта жаб-
дықтауға бағытталған капитал жұмсалымы үлестерінің қатына-
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
21
сын көрсетеді.
Капитал жұмсалымының тиімділігі күрделі құрылым, қаржы-
ландыру және несиелеумен байланысты тәуекелдік дәрежесін
сипаттайтын, күрделі жұмысқа жұмсалынған капитал, сондай-ақ
өтімділік қабілетін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді білдіреді.
Капитал жұмсалымының тиімділік көрсеткіштері экономика-
ның түрлі секторларына байланысты әр түрлі болып келеді.
Тиімділік көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық қызметін
бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін
қолданылады. Тиімділік көрсеткіштерін екі түрге бөлуге бола-
ды:
абсолюттік тиімділік көрсеткіші;
салыстырмалы тиімділік көрсеткіші;
Абсолюттік тиімділік көрсеткіші
– бұл күрделі капитал
жұмсалымы макро, микродеңгейдегі тиімділік пен шығындар
аралығындағы шекті қатынаспен сипатталады. Жалпы халық
шаруашылығындағы капитал жұмсалымының тиімділігін анық-
тау келесі формулада көрсетілген:
Э
х/ш
= ∆ҰТ /
Кж
,
мұнда: ҰТ – жылдық ұлттық табыс көлемінің өсімі;
К
ж
– капитал жұмсалымы.
Жеке сала бойынша капитал жұмсалымының көрсеткіштері
келесі формуламен анықталады:
Э
к
= ∆ТӨ / К
ж
– А,
мұнда: ∆ТӨ – таза өнімнің жылдық көлемін өсіру;
А – өндірістік қорлардың амортизациясы.
Жеке кәсіпорын мен фирмаларда экономикалық тиімділікті
есептеу формуласы:
Э
к/о
= ∆П / К
ж
– А,
мұнда: ∆П – пайданың өсімі.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
22
Капитал жұмсалымының салыстырмалы тиімділік көрсеткіш-
ері жұмыс істеп тұрған өндірістің жаңа кұрал-жабдыктарды
сатып алуымен байланысты. Сондықтан оларды нарықтағы әр
түрлі бағаларды салыстыру негізінде жұмсалатын ең жоғарғы
шығындарды анықтау кезінде пайдаланады.
Салыстырмалы тиімділік көрсеткішін анықтау формуласы:
Ш + Е
n
х К
ж
mіn,
мұнда: Е
n
– капитал жұмсалымының салыстырмалы тиімділі-
гінің нормативтік коэффициенті;
Ш – ағымдағы шығындар.
К
т
+ Т
n
х Ш
ж
тіп,
мұнда: Т
n
– инвестициялық шығындардың қайтарымдылық
мерзіміндегі нормативтік көрсеткіші.
Салыстырмалы тиімділік көрсеткішінің формуласы:
К
э
= (С
1
– С
2
) / (К
1
– К
2
),
мұнда: С
1
, С
2
– капитал жұмсалымына дейінгі және капитал
жұмсалымынан кейінгі өнімнің өзіндік құны;
К
1
, К
2
– алдынғы және кейінгі капитал жұмсалымының
көлемі.
Негізгі капиталды реконструкциялау –
бұл өндірісті жетіл
діру және оның техника-экономикалық деңгейін жоғарылату
мақсатында негізгі қорлардың барлығын немесе белгілі бір
бөлігін қайта жаңғырту.
Негізгі қорларды техникалық жағынан қайта жабдықтау –
бұл озық техника мен технологияны, автоматизацияны, компью-
теризацияны, модернизацияны енгізу негізінде негізгі қорлар-
дың барлығын немесе белгілі бір бөлігін техникалық деңгейде
жоғарылату бойынша шаралар жиынтығын білдіреді.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
23
Достарыңызбен бөлісу: |