Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦



Pdf көрінісі
бет8/77
Дата14.12.2021
өлшемі1,31 Mb.
#126386
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77
Байланысты:
Инвестиция негіздері

 

 

 



 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 

 

 

1.

 

Инвестиция дегеніміз не?  

2.

 

Инвестицияны жүзеге асырудың қандай формалары бар? 

3.

 

Инвестицияны жіктеңіздер 

4.

 

Инвестицияның түрлері мен типтерін анықтаңыздар  

5.

 

Экономикалық  деңгейде  инвестицияларды  қалай  бөлуге 

болады? 

6.

 

Инвестициялау объектісі дегеніміз не? 

7.

 

Инвестициялық қызметтің субъектілерін анықтаңыздар  

8.

 

Инвестор дегеніміз не? 

9.

 

Капитал жұмсалымы дегеніміз не? 

10.

 

Капитал жұмсалымының бағыттарын атаңыз 

11.

 

Макро, микродеңгейдегі капитал жұмсалымын анықтаңыз.  

 

 



 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

24 



 

2.     ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ-

ТІҢ ДАМУЫ  

 

 

 

2.1 

Инвестициялық қызмет түсінігі 

және оның заңнамалық 

қамтамасыз етілуі 

 

 

Инвестициялық  қызмет  инвестицияларды  салу  үдерісін 



сипаттайды. Ол берілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 

ынталы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттің тәжірибелік 

мақсатты кешенін қамтиды. 

Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақ-

сатын көздейді. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық, өндірістік 

үдерісті  қамтиды  және  оның  кейбір  мәселелеріне  (мысалы, 

негізгі  өндіріс  қорларын  жөндеуден  өткізуге,  жаңа  техниканы 

ендіруге) әсер етеді. Сондай-ақ инвестициялық қызметке қаржы 

салу  және  арнайы  инвестициялық  жобаларды  жүзеге  асыру 

жатады. 


ҚР-да

 

инвестициялық  қызмет  заңдармен  реттеледі  және 

бағдарламалық мақсаттық сипатқа ие болып табылады. 

Инвестициялық  қызмет  – 

бұл  инвестицияларды  салу  және 

инвестициялау,  инвестицияларды  жүзеге  асыру  бойынша  тәжі-

рибелік  қызметтер  жиынтығы.  Сонымен  қатар,  инвестициялық 

қызмет

 

инвестордың  инвестициялық  объектіні  таңдауы  және 

құруы, оны пайдалануы мен жоюы, қажетті қосымша салымдар-

ды  жүзеге  асыруы  мен  сыртқы  қаржыландыруды  тартуы 

бойынша инвесторлардың қызметін түсіндіреді.  

ҚР-ның заңында 



инвестициялық қызмет

  –  жеке  және  заңды 

тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың

 

жарғылық капиталына 

қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік кызмет үшін пайдаланылатын 

тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ 

концессионердің  (құқық  мирасқорының)  концессия  шарты 



Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

25 



 

шеңберінде  жасаған  және  алған,  тіркелген  активтері  жөніндегі 

қызметі деп көрсетілген. 

Жалпы  инвестициялық  қызметті  құқықтық  реттеудің  2  фор-

масы бар: 

1)

 



Ұлттық құқықтық реттеу; 

2)

 



Халықаралық құқықтық реттеу. 

Ұлттық  құқықтық  реттеу  формасы

  –  бұл  инветициялық 

қызметке байланысты және оны реттеуге бағытталған сол елдің 

аумағында  әрекет  ететін  заңдылықтар  мен  нормативтік-құқық-

тық актілер кешені. 

ҚР-да


 

инвестициялық  қызметті  реттейтін  негізгі  заң 



«Инвестициялар  туралы»

  ҚР-ның  2003  жылдың  8  қаңтардағы 

№  373-ІІ  заңы  (Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  29 

қазандағы  №  375-V  Кодексімен  күші  жойылған)  болып  табыл-

ды.  Осы  заңның  қабылдануымен  байланысты  ҚР-ның  инвести-

циялар  туралы  заңдары  да  күштерін  жойған:  «Шетелдік 

инвестициялар туралы»  ҚР-ның 1994 жылғы 27 желтоқсандағы 

заңы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік инвестициялар туралы» 

ҚР-ның  заңын  күшіне  енгізу  тәртібі  жөніндегі  1994  жылғы  27 

желтоқсандағы  Қаулысы,  «Тікелей  инвестицияларды  мемлекет-

тік қолдау туралы» 1997 жылғы 28 ақпандағы ҚР-ның заңы.  

ҚР-ның  инвестициялар  туралы  заңдары  ҚР-ның  Конститу-

циясына  негізделеді  және  ҚР-ның  «Инвестициялар  туралы» 

заңы  мен  өзге  де  нормативтік-кұқықтық  актілерінен  тұрды. 

Сонымен  қатар,  бұл  заң  мемлекеттік  бюджет  қаражатынан  ин-

вестицияларды жүзеге асыруға, коммерциялық емес ұйымдарға 

– оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни 

мақсаттар  үшін  капитал  салуға  байланысты  қатынастарды 

реттемеді.  

«Инвестициялар  туралы»  заң  ҚР-дағы  инвестицияларға  бай-

ланысты қатынастарды реттеді, инвестицияларды ынталандыру-

дың  құқықтық  және  экономикалық  негіздерін  айқындады.  ҚР-

сында  инвестицияларды  жүзеге  асырған  кезде  инвесторлардың 

құқықтарын  қорғауға  кепілдік  берді,  инвестицияларды  мемле-

кеттік  қолдау  шараларын,  инвесторлар  қатысатын  дауларды 

шешу тәртібін белгіледі. 




Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

26 



 

Инвестицияларды  жүзеге  асыру  кезінде  туындайтын  және 

Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын 

саласына  байланысты  қатынастарға  «Инвестициялар  туралы» 

заңының  ережелері  ҚР-ның  осындай  заңдарына  қайшы 

келмейтін бөлігінде қолданылды. Егер ҚР бекіткен халықаралық 

шартта  осы  зандағыдан  өзгеше  ережелер  белгіленсе,  халықара-

лық шарттың ережелері қолданылды.  

Ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  қажеттігі  негізінде  ҚР-

ның заң актілерінде инвестициялық қызметте шектелетін немесе 

оған  тыйым  салынатын  қызмет  түрлері  мен  аумақтары  белгі-

ленген.  Сонымен  қатар,  бұл  заңда  инвестиция,  инвестициялық 

қызмет,  инвестор,  инвестициялық  преференция  ұғымдарына 

анықтама берілген.  

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет