Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
47
бойынша ҚР-ның салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың
қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленді.
Мұның бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын
дамыту және оны әртараптандыру үшін шынайы ынталандыруға
арналған. Бұл жеңілдіктер жойылмай және салық салынатын
база кеңейтілмей, салықтық жүктемені азайту есебінен ғана іске
асырылады.
Жалпы дамыған елдердің салық саясаты экономикаларды
жаһандандыру және салықтық бәсекені күшейту жағдайларында
капиталдан алынатын кіріске салық салуды төмендету үрдісі-
мен, салық салу ауыртпалығының неғұрлым аз объектілерді тұ-
тынуымен материалдық меншікке ауыстырылумен сипатталады.
Салық саясатын одан әрі дамыту оның халықаралық бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға және оның жаһандық үдерістердің қыр
көрсетулерінің тиімділігіне бағытталады.
Салық саясатын жетілдірудің
негізгі бағыттары
келесілер:
салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау және
бағалау негізінде әлемдік тәжірибені ескере отырып,
экономика секторларында қолданыстағы жеңілдіктер
мен преференцияларды қайта қарау және тиімсіз жеңіл-
діктерді, өз мақсаттарына жұмсалатын жеңілдіктерді,
сондай-ақ салық жүйесінің тарапсыздығын бұзатын
жеңілдіктерді жою жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау;
кәсіпкерлік орта үшін маңыздылардың бірі болатын кор-
порациялық табыс салығын азайту;
халықтың әлеуметтік бөлігіне жүктеме деңгейін сақтау-
ды ескере отырып, орта мерзімді кезеңде салық ауырт-
палығын заңды тұлғалардың кірісінен жеке тұлғалардың
кірісіне кезең-кезеңімен қайта бөлу жөніндегі ұсыныс-
тарды тұжырымдау;
инвестициялық преференцияларға қол жетімділікті оңай-
лату;
салықтық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату,
сондай-ақ олардың ашықтығын арттыру.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
48
Бұл бағыттар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі салық-
тық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономиканың шикізат-
тық емес секторы қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік
береді.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың
қолданыстағы тетігі бірқатар маңызды басымдықтарға ие. «Ин-
вестициялар туралы» Қазақстан Республикасының заңында тең
дәрежеде отандық та, шетелдік де инвесторларды қолдау мен
ынталандыру көзделген, инвестициялық преференцияларды
беру тәртібі жеңілдетілген, оған сәйкес инвестициялық префе-
ренциялар беруге арналған өтінішді қарау мерзімі елеулі қыс-
қартылған (30 жұмыс күніне дейін).
Жоғары қосылған құн салығы бар өнімді, жоғары техно-
логиялық өнімді құруға бағытталған компаниялар үшін қажетті
жағдайлар жасалған. Жаңа өндірістерді дамытуды ынталандыру,
қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңарту үшін салық
кодексінде инвестициялық салықтық преференцияларды беру
көзделген, оларды алып салық төлеуші инвестициялық жобаны
іске асырумен байланысты корпоративтік табыс салығын,
мүлікке салынатын салық пен жер салығын есептеу бойынша
салық жағдайларына құқығы бар.
Инвестициялық салықтық преференциялар тіркелген актив-
терге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты белгіле-
неді, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Бұл ретте, қызмет түрлеріне және тіркелген активтерге
салынатын инвестициялар көлеміне байланысты корпоративтік
табыс салығы бойынша преференциялардың қолданылу мерзімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша 10 жылға
дейін ұзартылған.
Достарыңызбен бөлісу: