Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
65
айналымдық капиталды қаржыландыру.
«Қазақстан Даму Банкі» өз қызметін 2001 жылдың 1 сәуі-
рінен бастаған. Экономикалық қызметінің жалпы жіктелінуіне
сәйкес Даму Банкін несиелеу үшін оның инвестициялық сала-
лары болып келесілер саналады:
ауыл
шаруашылық өнімдерін өңдеу;
тігін
өндірісі;
химиялық өнеркәсіп;
машина жасау және құралдарды өңдеу;
көлік және байланыс;
тас
және суды, электр энергияны тарту және өңдеу.
Қазақстан Даму Банкі бүгінгі күнде мемлекеттік инвес-
тициялық саясаттың ең басты жолсеріктерінің бірі болып
табылады. Өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында
бәсекеге қабілетті өндірістер құруды қаржыландырып және
елдің инфрақұрылымын дамыта отырып, Банк Қазақстан
экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.
Қазақстан Даму Банкінің
инвестициялық қызметі
елдің
барлық өңірлерінде және өңдеуші өнеркәсіптің маңызды сала-
ларында танытылған. Банктің қаржыландыру көмегімен енгізіл-
ген жаңа және жаңғыртылған өндірістер Қазақстанның өнер-
кәсіптік және экспорттық қатаюына және өңіраралық интег-
рацияға іс жүзінде елеулі үлесін қосуда.
Қазақстан Даму Банкі экономиканы жаңғыртудың ең басты
қатысушыларының бірі, сондай-ақ серпінді және кластерлік
жобаларды іске асыруда, мемлекеттік инвестициялық қызметтің
тиімділігін арттыруда өз қызметін нығайта беретін болады.
Қолдау тапқан жобалардың ішінде неғұрлым салмақтылары
химия саласындағы жобалар, көлік және байланыс, металлургия,
электр энергетикасы, құрылыс материалдарының өндірісі сала-
сындағы жобалар.
Қазақстан Даму Банкінің жетекші халықаралық Moody’s
Investors Service, Standard & Poor’s және Fitch рейтингтік агент-
тіктері берген ең жоғарғы несиелік рейтингі бар.
Банк Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ету
мақсатында келесідей басымдық және перспективалы бағыттар-
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
66
ды анықтады. Экономиканың өрлеуі және әртараптандыру
базасы ретінде – инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде:
энергетиканы;
көліктік инфрақұрылымды дамыту.
Жеке сектор үшін өңдеу өнеркәсібіндегі өрлеу нүктелерін
анықтау ретінде – келесі салалардағы перспективалы жобаларды
іске асыру:
металлургия;
химия және мұнайлы химия өнеркәсібі;
құрылыс материалдарының өндірісі;
АӨК-де қосылған құны жоғары өнім шығару;
туризм.
Қазақстан Даму Банкінің
Достарыңызбен бөлісу: