Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
63
4.2
Қазақстан Даму Банкінің
қызметі және инвестициялық
жобаларды несиелеуі
«Қазақстан Даму Банкі»
АҚ – 2001 жылдың мамырында Қ Р
Президентінің «Қазақстан Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28
желтоқсандағы № 531 Жарлығы негізінде «Қазақстан Даму
Банкі туралы» ҚР-ның заңы шығарылды. Осы заңға сәйкес
ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкі құрылды.
Қазақстан Даму Банкі Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде 2001 жылғы 31
мамырда жабық акционерлік қоғам формасында тіркелді және
2003 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына сәйкес акционерлік қоғам формасында қайта тір-
келді.
2006 жылдан бері банктің жалғыз акционері «Қазына»
орнықты даму қоры» АҚ ұлттық басқарушы компаниясы болып
табылды.
«Қазына» ОДҚ» АҚ-ның негізгі қызметі
экономиканы
әртараптандыру міндетін шешуші даму институттарын тиімді
корпоративтік
басқару
жолымен
инвестициялық
және
инновациялық белсенділікті арттыру және ынталандыру болды.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ
– бұл ел экономикасына инвес-
торларды тартуға қолдау жасау және өңдеуші өнеркәсіптерге,
өндірістік инфрақұрылымның дамуына мемлекеттік инвестиция-
лық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақ-
сатында құрылған қаржылық институт.
Миссиясы
– еліміздегі шикізаттық емес секторларға инвес-
тицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономикамыздың
тұрақты дамуына үлесімізді қосу.
Мақсаты:
мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетіл-
діру мен арттыру;
өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті
дамыту;
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
64
елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестиция-
ларды тартуға көмектесу.
Қазақстан Даму Банкінің
міндеттері:
инвестициялық жобаларға орта мерзімді (5 жылдан 10
жылға дейін) және ұзақ мерзімді (10 жылдан – 20 жылға
дейін) несие беру;
қазақстандық өнімді жеткізуші резидентке де, Қазақ-
стандық өнімді сатып алушы резидент еместерге де
қарыздарды беру жолымен бірлесіп қаржыландыру,
сондай-ақ экспорттық операцияларға несие беру;
басқа несие институттары беретін қарыздар мен несие-
лер бойынша кепілдік берілген міндеттемелерді беру,
сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан
Республикасы экономикасының өндірістік секторына
несие беруді ынталандыру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын
инвестициялық жобаларды
қаржыландырудың тетіктерін
жетілдіру;
экономикаға тікелей инвестициялар тарту;
экономиканың басым секторларындағы жобаларды
қаржыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: