Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет11/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Сүйектенуі. Жауырынның сүйектенуі шеміршектік негізден, эмбриогенездің екінші айының соңында басты үш нүктеден (жауырын қылқаны да осыдан дамиды) басталады. Құстұмсық тәрізді өсінді 1 жаста сүйектеніп, 13-16 жаста жауырын денесімен бітіседі. Жауырынның төменгі бұрышында бірнеше нүктелер 16 жаста пайда болып, жауырынның денесімен 18-20 жаста қосылады, осы уақытта сүйектену үрдісі аяқталады.
Бұғана (clavicula) көптеген сүтқоректілердің үлкен жылдамдыққа бейімделуінен (тұяқтылар және т.б.) бұғана толығымен жойылып кеткен. Бұғана жауырын акромионымен төс сабауы аралығында орналасқан S әрпі тәрізді, аздап иілген түтікті сүйек. Оның екі ұшы бар: домалақ, қалыңдау, төспен байланысатын буындық беті бар – төстік ұшы (extremitas sternalis) және жалпақ жауырын акромионымен буындасатын кішігірім буындық алаңы бар – акромиалды ұшы (extremitas acromalis). Бұғананың жоғарғы тегіс, төменгі бұдыр беттерін және алдыңғы, артқы имек жиектерін ажыратады. Бұғана екі жақты дамыған, оның төстік ұшы шеміршектік карокоидтан пайда болса, ал ортаңғы бөлігі жабын сүйектерінің тармағы болып саналады.
Сүйектенуі. Бұғана сүйектің сүйектену нүктесі эмбриогенездің 6-шы аптасында 16-18 жаста оның төстік ұшында пайда болып, сүйектену үрдісі 20-25 жас аралығында аяқталады. Иық белдеуі сүйектерінің морфологиялық негізгі ерекшеліктері қолдың қызметінің өзгеруімен тығыз байланысты. Адам кеуде торы алдынан артына қарай қысыңқы болғандықтан жауырынның буындық ойысы латералды ығысып, кеуде
қуысының артына тығыз жанаса орналасады, салыстырмалы төртаяқты сүтқоректілерде вентралды, ал адам тәрізді маймылдарда краниалды бағытталған. Осының барлығы жақсы дамыған бұғана мен акромионға бірігіп, тоқпан жілікті әкететін, айналдыратын бұлшықеттер бекитін үлкен орын болуы, осымен қатар ерікті қол бөлігінің ауқымды еркін қозғалысына мүмкіндік берді.


Қолдың еркін бөлігінің сүйектері
Қолдың еркін бөлігінің сүйектері (skeleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік (humerus) – ұзын жілік сүйек, оның жоғарғы ұшы - жауырынның буындық ойысымен қосылатын шар тәрізді басы (проксималды эпифиз) (caput humeri), ол төменінде жіңішке дөңгелек жүлге – анатомиялық мойынмен (collum anatomicum) шектелген. Мойынның алдыңғы-бүйір жағында өздеріне сәйкес қырларға жалғасатын үлкен және кіші төмпешіктер (tuberculum majus et minus) орналасқан. Бұлшықеттер бекитін орын болып табылатын төмпешіктер арасында иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын басының сіңірі бекитін төмпешікаралық жүлге түзіледі. Төмпешіктерден төмен жіңішкерген бөлігін – хирургиялық мойын (collum cyirurgicum) деп атайды (иықтың жиі сынатын орны). Сүйектің жоғарғы және төменгі бөліктерінің аралығының сыртында жақсы айқындалған бойлық бағыттағы, аттас бұлшықет бекитін дельта тәрізді бұдырмақ байқалады. Ал одан біршама төмен және артында қиғаш жоғарыдан төмен, іштен сыртқы қарай бағытталған, көп байқалмайтын кәрі жілік нерві жүлгесі орналасқан. Тоқпан жіліктің дисталды эпифизі айдаршық (condilus humeri) – білек сүйектерімен қосылуға арналған екі бөлікке бөлінген: медиалды шығыршық (trohlea humeri) және латералды орналасқан айдаршық басы (capitulum humeri). Олардың әрқайсының үстінде айдаршықүстілер (epicondylus) орналасқан. Шығыршық үстінде медиалды айдаршықүсті (epicondylus medialis), ал айдаршық басы үстінде латералды айдаршықүсті (epicondylus lateralis). Төменгі эпифиз артында терең шынтақ жіліктік шұңқыр (fossa olecrani), ал алдында латералды кәрі жіліктік шұңқыр (fossa radialis) пен медиалды тәждік шұңқыр (fossa coronoidea) жатады. Адам тоқпан жілігіне тән ерекшелік, оның диафизінің 150-160°-қа бұралуы, осы жағдайда тоқпан жілік басы ішке бұрылса, ал дисталдық эпифизі сыртқа қарай бағытталған. Бұл адамның вертикалды қалпында жауырынның орналасу жағдайына бейімделуі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет