Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы


Ромбтәрізді шұңқырдағы бассүйек нервтерінің ядролары



бет121/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Ромбтәрізді шұңқырдағы бассүйек нервтерінің ядролары.


Ромбтәрізді шұңқыр аймағында: үшкіл, әкететін, бет, кіреберіс-ұлу және тіл- жұтқыншақ, кезбе, қосымша, тіласты бассүйек нервтерінің ядролары орналасады. Бұл шұңқырдың жоғарғы бөлігінде (көпірде) V, VI, VII және VIII, ал төменгі бөлігінде ( сопақша мида ) IX, X, XI және XII жұп бассүйек нервтерінің ядролары жатады.


Бассүйек нервтерінің V жұбы, үштік нервтің n.trigeminus, төрт ядросы бар, олардың үшеуі- сезімтал, біреуі- қозғалтқыш. Сезімтал ядролары:

  1. Үштік нервтің көпірлік ядросы, nucleus pontinus nervi trigeminalis, көпірдің артқы ( дорсалды) бөлігінде орналасқан;

  2. Үштік нервтің ортанғы милық ядросы, nucleus mesencephalicus nervus trigeminalis,

ромбтәрізді шұңқырдан ортанғы миға жалғасып , суқұбырдың жанында орналасады ;

  1. Үштік нервтің жұлындық ядросы, nucleus spinalis nervi trigeminalis, көпірден басталып , сопақша ми арқылы өтеді де жұлынның жоғарғы сегменттерінде аяқталады ;

  2. Үштік нервтің қозғалтқыш ядросы, nucleus motorius nervi trigeminalis, ромбтәрізді шұңқырдың ( көпірдің) жоғарғы болігінде жатады.

  1. жұп, әкететін невтің, abducens, nucleus nervi abducentis, деп аталатын қозғалтқыш ядросы беттік төбешіктің тереңінде орналасады.

  2. жұп, бет нервінің, n. facialis, үш : сезімтал, парасимпатмикалық, қозғалтқыш ядролары бар.

  1. Сезімтал ядросы : жеке ядро, nucleus solitarius, VII, IX, X жұп нервтерге ортақ болып, көпірде және сопақша мида орналасады. Бұл ядрода дәм сезімін өткізетін аксондар аяқталады .

  2. Парасимпатикалық ядросы: жоғарғы сілекей бөлетін ядро, nucleus salivatorius superior,

деп аталады .



  1. Қорзғалтқыш ядросы: бет нервінің ядросы, nucleus nervi facialis, көпірде терең орналасады . Бұл ядродан шығатын нерв талшықтары жоғары (дорсалды) жүріп VI жұп нертің ядросын айналып өтіп, беттік төбешікті, colliculus facialis, түзеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет