Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет126/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Соңғы ми


Соңғы ми, telencephalon, үлкен ми, cerebrum, мен оның дәнекерлерінен (сүйелді дене, алдыңғы, артқы және күмбез дәнекерлері) түзілген. Соңғы ми омыртқалылар миының эволюциясында соңынан пайда болып, ертеректе пайда болған барлық нерв құрылымдарының қызметін бақылауға алды. Ол мінез-құлықтың күрделірек түрлері мен организмнің үнемі өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайына бейімделуін және организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Үлкен ми, cerebrum, құрамына екі ми сыңары кіреді. Әрбір сыңардың құрамына олардың жамылғысы, pallium, (үлкен ми қыртысы), ақ зат, базалды (қыртысастылық) ядролар, бүйір қарыншалар және иіс сезу миы кіреді.


Үлкен ми сыңарлары


Үлкен ми сыңарлары, hеmispheriа cerebralis, бір-бірінен бойлық саңылау, fissura longitudinalis cerebri, арқылы бөлінген. Әр ми сыңарының жоғарғы-латералды, медиалды, төменгі беттерін, төменгі-латералды, төменгі-медиалды, жоғарғы жиектерін және маңдайлық, самайлық, шүйделік шеттерін ажыратады. Төменгі-латералды жиектің бойымен, оның алдыңғы және ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасында үлкен мидың латералды шұңқыры, fossa lateralis cerebri, орналасады.
Адамның ми сыңарларының беттерінде, барлық жоғары сүтқоректілердегідей ұзындығы, тереңдігі және пішіні әртүрлі болып келетін жүлгелер, sulci cerebri, орналасқан. Жүлгелердің арасында үлкен ми қатпарлары, gуri cerebri, жатады. Ми қыртысының көлемін үлкейтетін қатпарлар саны мен жүлгелер тереңдігіне байланысты адамның миы басқа сүтқоректілердікінен айтарлықтай ерекшеленеді.
Ең терең үш жүлге: жоғарғы-латералды бетте орналасқан – орталық және латералды жүлгелер, медиалды бетте орналасқан шеке-шүйделік жүлге әр ми сыңарын төрт: маңдайлық, самайлық, шекелік және шүйделік үлестерге бөледі. Маңдайлық үлес, lobus frontalis, артқы жағынан шеке үлесінен орталық жүлге, sulcus centralis, (Роланд жүлгесі) арқылы бөлінеді. Орталық жүлге медиалды бетте, жоғарғы жиекке жақын басталып, оны кесіп өтіп, жоғарғы-латералды беттің ортасымен төмен және алға бағытталады да, латералды жүлгеге аз жетпей аяқталады. Бұл жүлгенің ерекшелігі еш жерде үзілмейді және фронталды жазықтықта орналасады. Самайлық үлес, lobus temporalis, жоғарынан маңдайлық және шекелік үлестерден латералды (Сильвий) жүлгемен, sulcus lateralis, (Sylvii) бөлінеді. Бұл жүлге үлкен мидың латералды шұңқырынан басталып, ми сыңарының төменгі-латералды жиегіне параллелді жүре отырып, артқа және сәл жоғары бағытталады. Шүйделік үлес, lobus occipitalis, шеке- шүйделік жүлгеден, sulcus parietooccipitalis, және оның жоғарғы-латералды беттегі шартты түрде алынатын жалғасынан артқа орналасады. Шекелік үлес, lobus parietalis, алдынан – орталық, артынан шеке-шүйделік, ал төменінен – латералды жүлгелермен шектелген.
Бұдан басқа әр ми сыңарында латералды жүлге тереңінде мидың кіші бөлігі –
аралшық, insula, орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет