Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет143/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІНІҢ АЛДЫҢҒЫ ТАРМАҚТАРЫ


Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары да (rami anteriores) аралас, артқы тармақтарға қарағанда жақсы жетілген, ІІ-ХІ кеуде тармақтарынан басқасы бір-бірімен қосылып өрім түзеді. Адам денесінде басқада сүтқоректілердегідей мойын, иық және бел- сегізкөз өрімдерін ажыратады. Өрімдердің түзілуі ерте эмбриогенезде қол-аяқ түзілуімен байланысты болатын күрделі құбылысқа байланысты. Сонымен қатар, әр сомит элементтері айтарлықтай жылжиды (миотомдар, склеротомдар, дерматомдар), нәтижесінде дененің нервтендіретін сегментімен байланысын жоғалтпайтын нейриттер де жылжиды.
Нерв өрімдерінен терілік және бұлшықеттік нервтер шығады. Әдетте олардың әрқайсының түзілуіне жұлынның бірнеше сегменттері қатысады.
МОЙЫН ӨРІМІ


Мойын өрімі (plexus cervicalis) жоғарғы төрт мойын нервінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Ілмектері сыртынан төс-бұғана-емізік бұлшықетімен жабылған мойын өрімінен терілік, бұлшықеттік тармақтар мен аралас көкет нерві шығады.
Терілік тармақтар. Кіші шүйде нерві (n.occipitalis minor) (C2-C3) мойын мен бастың артқы-латералды бетінің терісін нервтендіреді. Үлкен құлақ нерві (n.auricularis magnus) (C3) құлақ қалқаны мен сыртқы есту өтісінің терісіне барады. Мойынның көлденең нерві (n.transversus colli) (C2-C3) мойынның алдыңғы бетінің терісін нервтендіреді. Бұғанаүсті нервтері (nn.supraclaviculares) (C3-C4) көп, бұғанаүсті және бұғанаасты шұңқырлары аймағының, дельтатәрізді аймақтың және жауырынның жоғарғы-латералды бөлігінің терісін нервтендіреді.
Мойын өрімінің барлық терілік нервтері мойынның беткей қабатында, төс-бұғана-емізік бұлшықетінің орта тұсының артқы жиегінде орналасады. Мұны мойынның өткізгіш анестезиясында ескеру керек.
Бұлшықеттік тармақтар (C3-C4) бастың алдыңғы және латералды тік бұлшықеттеріне, алдыңғы, ортаңғы және артқы сатылы бұлшықеттерге, m.intertransversarii cervicis-ке, m.sternocleidomastoidei-ның кейбір шоғырына және m.trapezius-ке барады.
C1-3 тіласты нервімен байланысты мойын ілмегін түзеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет