Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет45/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Кеуде торының қозғалысы
Кеуде торы тыныс алу кезінде қабырғалардың буындарындағы қозғалыстарға байланысты өзінің көлемін өзгертіп отырады. Қабырға-омыртқалық екі буында оларға ортақ білік буындардың орталықтары арқылы өтеді. Бұл үйлесімді екі буында қабырғалар сыртқа айналғанда олардың алдыңғы шеттері төспен бірге көтеріліп, тыныс алу кезінде кеуде торының көлемін үлкейтеді. Тыныс шығару кезінде, керісінше, қабырғалар ішке айналып төс түседі де, кеуде торы кішірейеді. Қабырғалардың төмен түсуіне бұлшықеттердің жиырылуы ғана емес, қабырға шеміршектерінің, жарғақтардың, байламдардың серпімділігі де әсер етеді. Қартаң жастарда қабырға шеміршектерінің, қабырғааралық жарғақтардың, байламдардың ізбестенуіне (кальциноздануына) байланысты олардың серпімділігі азаяды, бұл кеуде торының қозғалысын төмендетеді.


Бассүйектің қосылыстары
Бассүйек сүйектері өзара жіктер, синхондроздар, синостоздар және шықшыт буыны арқылы буындасады.
Бассүйектің жіктері, suturae cranii, фиброзды қосылыстарға жатады. Бассүйек күмбезінің сүйектері жіктер арқылы қосылады. Маңдай және шеке сүйектерінің арасындағы тісті жік – тәжді жік, sutura coronalis, екі шеке сүйегінің арасындағы сагитталды жік, sutura sagittalis, шеке және шүйде сүйектерінің арасында тісті жік – ламбдатәрізді жік, sutura lambdoidea, деп аталады. Самай және шеке сүйектерін қабыршақты жік, sutura squamosa, байланыстырып жатады. Бет сүйектері бір-бірімен тегіс жіктер, sutura plana, арқылы қосылады. Жіктердің атауы бір-бірімен байланысатын екі сүйектің аттарымен белгіленеді, мысалы, sutura frontonasalis, sutura sphenonasalis , және т.с.с.
Шеміршекті қосылыстар көп емес, олар бассүйектің негізінде кездеседі. Сынатәрізді-шүйделік синхондроз, synchondrosis sphenooccipitalis, – сынатәрізді сүйектің денесі мен шүйде сүйектің базилярлық бөлігінің арасында орналасқан жұқа шеміршекті табақша. Ол 16-18 жас аралығында синозтозға өтеді. Сынатәрізді-тастық, synchondrosis sphenopetrosa, және тастық-шүйделік синхондроздар, synchondrosis petrooccipitalis, аттас саңылауларды толтырып жатады. Сынатәрізді-кеңсіріктік синхондроз, synchondrosis sphenoethmoidalis, сынатәрізді сүйектің кеңсірікпен (торлы сүйек) байланысқан жерінде орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет