Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет92/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

ЕРКЕК ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫ
ЕРКЕК ЖЫНЫС МҮШЕСІ НЕСЕП ШЫҒАРАТЫН ӨЗЕК ЖӘНЕ ҰМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ, НЕРВТЕНУІ
ЖЫНЫС МҮШЕ( penis) несеп пен шәуетті шығару қызметін атқарады. Жыныс мүшесі денесінен (corpus penis), басынан (glans penis), түбірінен (radix penis) және арқашығынан (dorsum penis) тұрады. Басының ұшында несеп шығаратын өзектің тесігі бар. Жыныс мүшесі ішкі бетінде бездері бар алдынғы бөлігі күпек (қатпар) (preputium penis) түзетін еркін жылжымалы терімен жабылған. Күпектің төменгі бөлігі жүгеншік (frenulum penis) арқылы басымен байланысқан. Жыныс мүше симметриялы орналасқан үңгірлі денелерден (corpus cavernosus penis) және астында жатқан цилиндр тәрізді кеуекті денеден (corpus spongiosum penis) құралған.Үңгірлі денелер ақ қабық арқылы бір-бірінен бөлінген және сыртынан қапталған, олардың медиальді беттері ғана ақ қабықпен бітіскен.
Үңгірлі денелер артқы шеттері аяқшалар (crura penis) деп аталып шат сүйегіне бекиді.

Кеуекті дене меншікті ақ қабығымен қапталған. Екі кеңейген шеттерін ажыратады, алдыңғы- басы (glans penis) артқы-буылтығы (bulbus spongiosus). Ақ қабықтан денелердің ішіне көптеп дәнекертінді қалқалар еніп оларды каверналарға (қуыстар) бөледі. Каверналар қанға толғанда эрекция (қатаю) басталады.Үңгірлі және кеуекті денелер беткей және терең шандырлармен жабылған. Жыныс мүшесі беткей және терең ілгіш байламдармен бекітілген. Қанмен жыныстық ішкі және сыртқы артерияларымен қамтамасыз етіледі. Веналық ағым, ішкі жыныстық венаға құяды. Лимфа ағымы, ішкі мықындық және беткей шаптық лимфа түйіндеріне барады. Нервтенуі, жыныстық нерв (сезімтал) төменгі құрсақастылық өрім (симпатикалық), ішкі ағзалық жамбас нервтері (парасимпатикалық) арқылы. Несеп шығаратын өзек (urethra masculinа), ішкі тесікпен (ostium urethrae internum) несеп қуық қабырғасынан басталып сыртқы тесікпен (ostium urethrae externum) жыныс мүшесі басының ұшында аяқталады. Уретраның ұзындығы 25см-ге дейін болса, диаметрі 8мм шамасында. Несеп шығаратын өзек жолында простата, несеп-жыныс көкеті және кеуек дене арқылы өтеді, осыған сәйкес үш бөлігін ажыратады: простаталық (pars prostatica), жарғақтық (pars membranacea) және кеуектік (pars spongiosa). Жарғақтық бөлігі ең қысқа және тар бөлігі болса (1,5 см), кеуектік бөлік ең ұзыны (18см-ге дейін) несеп шығаратын өзек S-тәрізді, оның үш физиологиялық тарылуын ажыратады: ішкі және сыртқы тесіктер маңы мен несеп-жыныс көкеті арқылы өтетін аймағы. Несеп шығаратын өзек шырышты қабықтан, шырышты бездерге бай


шырышасты негізінен, сыртында бойлық және дөңгелек қабаттардан тұратын бұлшықеттік қабықтан тұрады.
Ұма (scrotum)-іштерінде атабездер орналасқан, бір-бірінен оқшауланған екі камерадан тұратын, іштің алдыңғы қабырғасының өсіндісі болып табылады.
Ұма жеті қабаттан тұрады:



  1. Тері (cutis)

  2. Етті қабықша (tunica dartos)

  3. Сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa)

  4. Атабезді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica)

  5. Атабезді көтеретін бұлшықет (m.cremaster)

  6. Ішкі шәует шандыры (fascia spermatica interna)

  7. Атабездің қынаптық қабығы (tunica vaginalis testis), оның париетальді және висцеральді табақшаларын айырады. Қанмен қамтамасыздануы, жыныстық сыртқы артерия, шап артериясы және төменгі құрсақүсті артерия тармақтарымен. Веналық ағым, сан және жыныстық ішкі веналарға құяды. Лимфа ағымы, беткей шап лимфа түйіндеріне жетеді. Нервтенуі, жыныстық нерв, сан-жыныстық нерв тармағы, төменгі құрсақастылық өрім.

АТАБЕЗ ЖӘНЕ АТАБЕЗ ҚОСАҚЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ, НЕРВТЕНУІ
Атабез (testis), сперматозоидтар түзетін, гормондарды қанға бөліп шығаратын жұп ағза.

Атабездер ұмада орналасып бір-бірінен қалқамен бөлінеді, беті тегіс, сопақша келген. Атабездің салмағы-25гр шамасында, мөлшерлері келесідей: ұзындығы-4см ені-3см-ге дейін,қалыңдығы-2 см шамасында. Атабездің жоғарғы және төменгі ұштарын (extremitas superior et inferior), артқы және алдыңғы жиектерін (margo anterior et posterior) медиальді және дөңестеу латеральді беттерін (facies medialis et lateralis) ажыратады. Жоғарғы ұшында атабез өсіндісін (appendix testis)көруге болады. Атабез сыртынан, астында атабез паренхимасы (parenchyma testis) орналасқан тығыз ақ қабықпен (tunica albuginea) қапталған. Ақ қабықтың артқы бөлігі атабез паренхимасына еніп шағын өсінді, атабез аралығын (mediastinum testis) түзеді. Аралықтан шығатын дәнекертінді жінішке қалқалар (septula testis) атабез пaренхимасын сaны 300-ге дейін жететін үлесшелерге (lobuli testis) бөледі, әр үлесше бірнеше иреленген өзекшелерден (tubuli seminiferi contorti) тұрады. Олар әрі қарай бір-бірімен қосылып тік өзекшелерге (ductuli seminiferi recti) айналады.Тік


өзекшелер атабез торына (rete testis) ашылады. Ол жақтан, атабез қосалқысы түтігіне құятын 15 шамасында атабездің шығарушы өзекшелері (ductuli efferentes testis) шығады. Шәует құрамына кіретін еркек жыныс жасушалары (сперматозоидтар) тек қана иреленген өзекшелерде дамып қалыптасады ал қалған өзекшелер шәует шығарушылар болып табылады.
АТАБЕЗ ҚОСАЛҚЫСЫ (epididymis) атабездің артқы жиегі бойында орналасқан . Қосалқының басын (caput epididymidis) денесін (corpus epididymidis) және құйрығын (cauda epididymidis) айырады. Балаларда қосалқы басының жанында айқын көрінетін атабез өсіндісінің қосалқысы (paradidymis) жатыр. Атабез ақ қабығы қосалқы ақ қабығына өтеді. Атабездің шығарушы өзекшелерінен 15-20 шамасында қосалқының конустары- үлесшелері (lobule-cones epididymis) қалыптасады. Қанмен қамтамасыздануы, атабез және шәует шығаратын атериялармен жүзеге асырылса, веналық ағым, жүзім шағы тәрізді веналық өрімге (plexus venosus parpiniformis) құяды. Лимфа ағымы, белдік лимфа түйіндеріне барады. Атабездік өрімнен нервтенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет