Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет49/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Шынтақ буыны
Шынтақ буыны, articulatio cubiti, үш сүйектен түзілген күрделі буын, оны тоқпан, шынтақ және кәрі жіліктер құрайды. Олар ортақ қапшықпен құралған үш: тоқпан- шынтақ жілік, тоқпан-кәрі жілік және проксималды шынтақ-кәрі жілік буындарын түзеді.
Тоқпан-шынтақ жілік буыны, articulatio humeroulnaris, тоқпан жілік шығыршығы мен шынтақ жіліктің шығыршықтық тілігі арқылы құралған. Шығыршықтағы сагитталды бағытта қиғаш орналасқан жүлге шығыршықтың орталық сызығынан аздап медиалды жаққа ауытқыған винттәрізді қозғалысқа себеп болады. Буын пішіні бойынша шығыршықтәрізді, бір білікті буын. Қимыл фронталды білік айналасында (бүгу және жазу) жүзеге асады.
Тоқпан-кәрі жілік буынын, articulatio humeroradialis, тоқпан жілік шығыршығының басы мен кәрі жілік басының буындық шұңқыры құрайды. Пішіні бойынша шартәрізді, көп білікті буын.
Проксималды кәрі-шынтақ жілік буыны, articulatio radioulnaris proximalis, кәрі жіліктің буындық айналмасы мен шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігі арқылы түзілген. Пішіні цилиндртәрізді, бір білікті буын. Қимыл вертикалды білік бойынша (пронация және супинация) іске асады. Бұл буындағы қозғалыс тоқпан-кәрі жілік буынындағы қозғалыспен бірге жүреді.
Шынтақ буынының қапшығы тоқпан жіліктің дисталды эпифизінің алдыңғы бетінде, fossa coronoidea және fossa radialis-тің жоғарғы жағына бекиді, яғни аталған
шұңқырлар буын қуысының ішінде жатады; ал артқы бетінде fossa olecrani-дің жоғарғы бөлігіне бекиді. Тоқпан жіліктің екі айдаршықүстілері буын қуысынан тыс орналасады. Қапшық шынтақ жіліктің шығыршықтық тілігінің жиегіне және кәрі жіліктің мойнына бекиді. Буынның байламдары бүйір жақтарынан мықты жанама байламдармен бектіліген.
Шынтақ жіліктің жанама байламы, lig. collaterale ulnare, тоқпан жіліктің медиалды айдаршықүстінен шынтақ жіліктің шығырщықтық тілігінің медиалды жиегіне барады. Кәрі жіліктік жанама байлам, lig. collaterale radiale, тоқпан жіліктің латералды айдаршықүстінен басталып төмен жүріп, кәрі жілік мойны тұсында артқы және алдыңғы будаларға бөлінеді. Олар кәрі жіліктің мойны мен басын алдыңғы және артқы жақтарынан тығыз түрде орап өтіп, шынтақ жіліктің incisura radialis-інің жиектеріне бекиді. Байламның терең талшықтары кәрі жіліктің сақиналық байламына, lig. anulare radii, өтеді, сақиналық байлам кәрі жіліктің басы мен мойнын қоршай орналасып, incisura radialis ulna-ның алдыңғы және артқы жиектеріне бекиді. Шаршы байлам, lig. quadratum, incisura radialis ulna-ның төменгі жиегін кәрі жілік мойнымен қосатын кішігірім байлам.
Шынтақ буыны екі білікті буын ретінде қызмет атқарады: фронталды білік айналасында – бүгу, жазу; вертикалды (бойлық) білік айналасында – пронация және супинация қимылдары іске асады. Шынтақ буынында сагитталды білік айналасындағы бүйірлік қозғалыстар (әкелу, әкету) мүмкін емес, себебі білек сүйектерінің арасында – membranа interossea antebrahii, буынның бүйір жақтарында - созылмайтын тығыз ligg. сollateralia орналасқан. Cонымен қатар осы күрделі буынның құрамындағы art. humeroulnaris шығыршықты, бір білікті буын (қозғалыс тек фронтальды білік айналасында іске асады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет