Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет161/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Қарашық рефлексі. Ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктері ядроларының аксондары өз жағындағы және қарсы жақтағы көз қозғалтқыш нервтің парасимпатикалық қосымша ядросында (Якубович ядросында) және III, IV, VI жұп бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Қосымша ядроның аксондары түйінгедейінгі тармақтар, rami preganglionares, түрінде көзқозғалтқыш нервтің құрамында кірпікті түйінге, ganglion ciliare, келеді. Бұл түйінде екінші парасимпатикалық нейрондар орналасқан. Олардың түйінненкейінгі тармақтары, rami postganglionares, кірпікті бұлшықетті және қарашықты тарылтатын бұлшықетті парасимпатикалық (қысқа кірпіктік нервтер, nn.ciliares breves, құрамында өтеді) нервтендіреді. Кірпікті бұлшықет көзбұршақтың дөңестігін өзгерту арқылы аккомодацияны (көздің анық көруін) қамтамасыз етеді.

Симпатикалық сабаудың мойындық жоғарғы түйінінен шығатын түйінненкейінгі тармақтар ішкі ұйқы артериясының, одан кейін көз артериясының өрімдерінің құрамында көз алмасына келіп, қарашықты кеңейтетін бұлшықетті, m.dilatator pupillae, нервтендіреді. Жарық көп түскенде қарашық тарылады, қараңғыда кеңейеді, қарашықтың жарықтың мөлшеріне жауабы-қарашық рефлексі деп аталады.


Жоғарғы төбешік нейрондарының III,IV және VI жұп бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен байланысы көз алмасы бұлшықеттерінің экстрапирамидалық нервтенуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жоғарғы төбешік нейрондарынан төбе-
жұлындық жол, tractus tectospinalis, басталады, ол, жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады. Кенеттен жарық әсер еткен кезде бұл
жол арқылы тұлға, қол-аяқ бұлшықеттерінің шартсыз рефлекстік (экстрапирамидалық жүйе) қозғалыстары іске асады.
КІРЕБЕРІС-ҰЛУ АҒЗАСЫ
Адамда да барлық омыртқалылардағыдай кіреберіс-ұлу ағзасы жақсы жетілген есту және дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады.
Кіреберіс-ұлу ағзасы (organum vestibulocochleare) сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет