Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет167/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Эндокринді жүйесі Эндокринді бездер (түтіктері жоқ, бездер)
Қандайда бір көпжасушалы организмде әр ағза (тін) басқа ағзалардың тіршілік қарекетіне әсер етеді, бірақ зат алмасудың күрделенуіне байланысты организмдердің эволюциясында ерекше ағзалар пайда болды. Олардың қызметі көбінесе дара ағзалардың және бүкіл организмнің тіршілік қарекетін ынталандыратын не болмаса керісінше тежейтін инкрет немесе гормон деп аталған өзгеше химиялық заттарды өндіру болды.
Қаралып отырған бездердің шығаратын түтіктері болмайды және гормондары тікелей қанға түседі. Бұл бездер омыртқалыларда нерв жүйесінің қызметімен біргіп жұмыс жасайды, содан ішкі секреция ағзалары деп аталады.
Адамдарда эндокринді бездерге келесілер жатады: қалқанша без, қалқанша маңы безі, гипофиз, томпақ дене, айрыша без, бүйрек үсті бездері және кейбір түзілістер. Бұлардың бәрі эволюция ағымында әр түрлі уақытта организмнің әр жерінде және бірнеше құрымлардан пайда болған. Осыларға байланысты ағзалардың орналасуы, көлемдері, пішіндері, құрылысы және қызметтері де сан алуан.


Қалқанша безі.
Қалқанша без (glandula thyroidea) төменгі сатылы хордалыларда түтігі бар без ретінде қызмет етеді. Омыртқалыларда, адамдарда, бұл без эндокринді безге айналады (желбезек аппаратының туындысынан дамиды). Адамдарда қалқанша без эндокринді бездер ішіндегі ең ірісі , оның салмағы ересек адамдарда - 30-60 гр. Ол мойынның алдыңғы аймағында кеңірдек пен көмейдің жоғарғы бөлігінің алдыңғы-латеральді бетінде орналасқан. Бір – бірімен қылқа (isthmus gl.thyroidea) арқылы қосылған, оң және сол бөліктерден (lobus dexter et sinister) тұрады. 30% шамасында қылтадан жоғары қарай пирамида тәрізді өсінді шығады (қалқан-тіл түтігінің қалдығы). Безді алдынан тері, тіл асты сүйегінің астындағы бұлшықеттер, бездің фиброзды қапшығы (capsula fibrosa) және кеңірдек пен көмейге бекитін мойын іші шандыры жабады. Қалқанша бездің әр үлесінің артқы беті жалпы ұйқы артериясына, жұтқыншақтың төменгі және өңештің жоғарғы бөліктеріне жанасқан. Өңешпен кеңірдек арасындағы жүлге арқылы төменгі көмей нерві өтеді.
Қызметі. Қалқанша без организмде өте маңызды роль атқарады. Оның гормоны (тироксин, трийодтиронин) қанға түсіп, зат алмасуды, өсуді және тіндердің дамуын реттейді, сонымен қатар басқа эндокринді бездердің (әсіресе, гипофиз және жыныс бездері) қызметімен, нерв жүйесінің құрылымдарымен және басқалармен өзара тығыз байланыста болады. Қалқанша бездің қызметінің нашарлауы (гипофункция) шырышты қабықтың қабынуын және ақыл-ес жетіспеушілігінің кейбір белгілерін тудырады, ал қызметінің ұлғаюы (гиперфункция) базед ауруына шалдықтырады.
Бастапқы эмбриогенез сатысында қалқанша без тілдің сыңар төмпешігінің артында орналасқан бірінші желбезек қалтасының эпителийінің өсіндісінен дамиды және біраз уақыт қалқан-тіл түтігі арқылы ауыз қуысымен қатынасады. Эмбриогенездің төртінші аптасының аяғында бұл түтік бітеліп, кейіннен эндокринді без болып дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет