Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


НЕСЕПАҒАРДЫҢ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ



Pdf көрінісі
бет115/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

НЕСЕПАҒАРДЫҢ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ:
бүйрек, тік ішек, несепқуық, 
атабез және анабез артерияларының сонымен бірге ішкі және жалпы мықын 
артерияларының тармақтарымен жүзеге асады. Веналық ағым: бел мен мықын веналарына 
құяды.
Лимфа ағымы: өзі аттас лимфа түйіндерге бағытталады.
Нервтенуі:несепағар, бүйрек және несепағар өрімдері, кезбе нерв, төменгі құрсақасты 
өрімі тармақтарымен жүзеге асады. 
НЕСЕПҚУЫҚ, ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ ЖӘНЕ 
НЕСЕПҚУЫҚ (vesica urinaria)
несeпті жинап оны әрі қарай шығаратын тақ ағза. 
Несепқуықтың сиымдылығы 300 ден 500 мл-ге дейін. 
Несепқуықтың келесі бөліктерін айырады: денесі (corpus vesicae), ұшы (apex vesicae ), 
түбі(fundus vesicae ) және мойыны (cervix vesicae). Ұшынан кіндікке кіндіктің ортаңғы 
байламы (lg.umbilicale medianum) барады. Несепқуықтың төменгі бөлігі байламдар 
арқылы көршілес ағзалармен және кіші жамбастың қабырғаларымен байланысқан. 
Маңызды байламдарға еркектерде, қасаға-қуықасты, әйелдерде қасаға-қуық байламдары 
жатады. Осылармен қатар еркектерде қуық, қуықасты безімен, ал әйелдерде несеп-жыныс 
көкетімен бекіген. Несепқуық кіші жамбас қуысында орналасқан.Қасаға симфизі мен 
қуықтың алдыңғы қабырғасы аралығы борпылдақ ұлпамен толған. 


202 
Толған несепқуық қасаға симфизінен жоғарырақ, іш қуысының алдыңғы қабырғасымен 
жанасқан. Еркектердің несепқуығының артқы қабырғасы тік ішекпен, шәует 
қуықшасымен жанасса, түбі қуықасты безімен шектелген. Әйелдерде, қынаптың алдыңғы 
қабырғасы және жатырмен, ал түбі несеп-жыныс көкетімен шектелген. 
Несепқуықтың жоғарғы бөлігіне әйелдерде жатыр іргелес жатса, еркектерде – ішек 
ілмектерімен шектескен. Толмаған несепқуық ішастарға ретроперитонеальды, толған – 
мезоперитонеальды қатынаста болады. Несепқуықтың қабырғасының құрылысы 
еркектермен әйелдерде бірдей. Ол сыртқы адвентициядан (tunica adventitia), ортаңғы 
бұлшықеттік қабықтан (tunica muscularis) және ішкі шырышты қабықтан (tunica mucosa) 
тұрады. Толған несепқуықтың қабырғасы жұқарып бар болғаны 2 мм-ді құрайды, ал бос 
несепқуықтың қабырғасы қалыңдап (қабырғасының жиырылғанынан) 1,5 см-ге дейін 
жетеді. Несепқуықтың түбінде, несепқуық үшбұрышы (trigonum vesicae) деп аталатын 
анатомиялық түзіліс орналасқан, оның бұрыштары несепағарлардың тесіктерімен (ostium 
ureteris) несеп шығаратын өзектің ішкі тесігімен (ostium uretrae internum) шектелген. Осы 
аймақтың шырышты қабығы бұлшықеттік қабықпен тығыз бітісіп қатпарлар түзбейді 
(себебі үшбұрыш ішінде шырышасты қабат болмайды) 
Бұлшықеттік қабық үш қабаттан құралған. Соның циркулярлық қабаты несеп шығаратын 
өзектің басталатын бөлігінде жақсы жетіліп несепқуықтың қысқышын түзеді. 
Бұлшықеттік қабықтың негізгі қызметі несепті қуықтан несеп шығаратын өзек арқылы 
қуып шығу. Несепқуық төменгі және жоғарғы қуықтық артериялармен қанмен қамтамасыз 
етілсе, веналық ағым, ішкі мықын венасына құяды. Лимфа ағымы, аттас лимфа 
түйіндеріне бағытталады. Несепқуық симпатикалық нервті төменгі құрсақасты өрімнен, 
парасимпатикалықты ішкі ағзалық жамбас нервтерінен және сезімталды сегізкөз өрімінен 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет