Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет122/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

(Миелоидты тін)
кезкелген басқа ішкі ағзаларда емес тек қана сүйек қуыстарында 
орналастырған? Академик 
М.Р.Сапиннің (Мәскеу)
жорамалдауынша, сүйек қуыстары тез 
кеңейіп, соның әсерінен өлшемсіз қанға тола алмайды, сондықтан қанның әлі дамып 
жетіспеген жасушалары уақытынан ерте қан ағымына түспейді, ал басқа тіндерде 
керісінше, олар созылмалы болғандықтан, қан қысымымен кеңейіп енді дамып келе 
жатқан жас қан жасушалары қан ағымы қысымымен шайылып тамырлар саласына шығар 
еді. 
Сонымен қатар табиғат қан жасушаларын уақытсыз ерте шығудан сақтаудың басқа 
жолдарын тапқан. Мысалы: барлық студент қауымға белгілі сүйектердегі қоректік тесік, 
студенттердің іздеп табуға тырысатын түзілісінің көлемі тігінші инесінің көлемімен пара –
пар. Бірақта, осы уақытқа дейін ешкімнің ойына да келген жоқ, неге көлемі ірі сүйектердің 
бірі болып саналатын ортан жілік пен асықты жіліктердің қоректі тесіктері өте майда?... 
Менің ойымша бұл кездейсоқ нәрсе емес (Т.М.Досаев 1999), жоғарыда көрсетілгендей бұл 
да табиғаттың көрегенділігі, осы арқылы сүйектегі қан айналым жылдамдығын мейлінше 
баяулату, сүйтіп сүйек қуысындағы дамып келе жатқан қан жасушаларын уақыттан ерте 
қан саласына түспеуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар осыларға қосымша сүйек майының 
веналық капиллярлары өзіндік синустар (кеңейген орындар) түзу арқылы ондағы қан


229 
ағымдарының жылдамдығын тіпті баяулатып, оны тоқтауға 
(Стаз) 
дейін әкеледі. Міне 
осындай жағдайлардың әсерінен сүйекмай жасушалары сүйек қуыстарында өз уақытында 
дамып жетіледі. 
Сүйек май эмбриогенезі. 
J.Ibert – тің көз қарасы бойынша қан өзінің даму кезеңінде ағзалар мен тіндердің 
даму және қалыптасу үрдістерін реттеуші факторларды таратушы орта болып есептеледі. 
Ұрықтың екі жетілік даму үрдісінде қан жасушаларының ерте пайда бола бастауы осыны 
түсіндірсе керек. (Олар тек қана шоғырланған аймағы мен қан жасаушы тегімен ғана 
ерекшеленеді). Ұрықтың қанжасаушысы бір-біріне елеусіз өтетін бірнеше кезеңдерден 
тұрады. 
Иммун жүйесінің филогенездік зерттеулері көрсеткендей оның қалыптасуы 
эволюциялық дамуымен лимфа құрылымдарының өзара орналасуына байланысты. Иммун 
жүйесі өзінің ең биік даму сатысына сүтқоректілерде жеткен. 
Өзінің иммундық қызметін атқару үшін барлық жан-жануарлар, солардың әр түрлі 
дара тұлғалары төмендегідей белгілердің иесі болулары тиіс: 
1.
Өзіне бөгде тіндермен жасушаларды қабылдамау. 
2.
Айырша бездің болуы. 
3.
Өзіндік иммундық жауап бере алуы. (Гуморальды не болмаса жасушалық). 
4.
Эффекторлық жасушалардың (лимфоциттер, плазмоциттер) болуы. 
5.
Иммуноглобулиндердің қатынасуы (ұйыған қандағы антидене). 
Иммун жүйесі қызметі бойынша екі бөліктен тұрады және иммунитеттің екі түрін 
айырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет