Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет121/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Қан түзуші жүйесі 
Иммун жүйесі және қанжасаушы ағзалардың анатомиясы мен эмбриогенезі.
Қан жасушалары дамитын тін гемопоэтикалық тін деп аталады. Ол екіге бөлінеді: 
Миелоидтық және Лимфоидтық. 
Миелоидтық тін нәресте туылғаннан кейін сүйек қуыстарында орналасады да, 
сүйек майы
деп аталады. Сүйек майларының өзі 
сары және қызыл
болып екіге бөлінеді. 
Қызыл сүйек майы жілік сүйектерінің, қабырғалардың, төстің, омыртқа денелерінің кемік 
заттарында және жілік сүйектерінің эпифиздерінде орналасады. Қызыл сүйек майының 
түсі сол жерде өсіп жетілетін көп мөлшерлі эритроциттермен байланысты. Сары сүйек 
майында ешқандай қан жасушалары түзілмейді, олар май жасушаларымен алмасқан. 
Ұрықта негізінен қызыл сүйек майы болса, туылғаннан кейін 
(Постнатальды 
онтогенез)
қызыл сүйек майы көп сүйектерде сары сүйек майына алмасады. Бірақ, кейбір 


228 
белгілі жағдайларда, мысалы, таулы аудандардың тұрғындарында, көп уақыт бойы ауада 
оттегі мөлшерінің аздығының 
(Гипоксия)
әсерінен, экологияның нашарлығынан, 
созылмалы қан аздығынан және т.б. себептерден сары сүйек майының бір мөлшері қызыл 
сүйек майына айналуы мүмкін. Қызыл сүйек майы жілік сүйектерінің эпифизінде 
орналасқандықтан, ал ол аймақ жілік сүйектерінің ұзынынан өсетін орны болғандықтан 
20-ғасырдың орта шеніндегі жасөспірімдердің шапшаң толысуы және ата-аналармен 
салыстырмалы бойшаң болуларын түсіндіру жорамалдары жасалды. Солардың бірі 
төмендегідей: Жастардың бойшаң болуы, әсіресе, экономикасы жақсы дамыған елдерде 
және өте ірі қалалар мен мегаполистерде, ғылыми-техникалық үрдістері жетілген 
мемлекетттерде, аймақтарда жақсы байқалғандықтан оны мыналармен байланыстыруға 
және түсіндіруге болады: 
1.
Жастардың ашық ауада аз болуынан. 
2.
Қимылдық белсенділіктерінің азаюынан. 
3.
Қоршаған ортаның экологиясының нашарлануынан. 
Осылардың барлығы бала организмінің ұзақ уақыт оттегілік аштықта 
(Гипоксия)
болуына әкеліп соқты, ол әрі қарай жілік сүйектеріндегі қызыл сүйек майын қоздырып 
жілік сүйектерінің ұзынынан өсуіне әсерін тигізді. Табиғат неліктен май тіндерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет