Қосымша нерв (ХІ жұп)
304
Қосымша нерв, n.accessorius, бассүйек нервтерінің ХІ – жұп нерві, қозғалтқыш. Екі
қозғалтқыш ядроның нейрондарының аксондарынан түзілген. Біреуі сопақша миде,
ромбтәрізді шұңқырдың түбінде, ал екіншісі І – VІ – жұлын сегменттерінің деңгейінде,
алдыңғы мүйізі маңында орналасқан. Осы ядроларға сәйкес қосымша нервтің сопақша
мидің артқы бүйір жүлгесінің төменгі бөлігі арқылы шығатын, бассүйектік түбіршіктері,
radices craniales, және жұлынның алдыңғы латеральді жүлгесімен артқы латеральді
жүлгесі арасынан шығатын жұлындық түбіршектері, radices spinales, бар. Жұлындық
түбіршіктер бір будаға жиналады да жоғары көтеріліп шүйделік үлкен тесік арқылы
бассүйек ішіне енеді. Бассүйек ішінде жұлындық және бассүйектік түбіршіктер қосылып
қосымша нерв сабауын қалыптастырады. Ол (сабау) бассүйек ішінен мойындырық тесігі
арқылы шығады. Тесікте ішкі және сыртқы тармақтарға бөлінеді. Ішкі тармақ, ramus
internus, жіңішкелеу, көп кешікпей кезбе нервке қосылып оның қозғалтқыш талшықтарын
толықтырады. Бұл тармақтың басым бөлігі сопақша ми ядросының жасушаларының
аксондарынан құралған. Сыртқы тармақ, ramus externus, меншікті қосымша нерв болып
мойын аймағына түседі де төс-бұғана-емізік және трапеция тәрізді бұлшықеттерді
нервтендіреді.
Тіласты нерві (ХІІ)
Тіласты нерві, n.hypoglossus – бассүйек нервтерінің ХІІ – жұп нерві, қозғалтқыш. Ол
ромбтәрізді шұңқырдың тіласты нерві шұңқырында орналасқан қозғалтқыш ядроның
нейрондарының аксондарынан түзілген. Сопақша миден сансыз көп түбіршіктермен
алдыңғы бүйір жүлге арқылы шығады. Бассүйек ішінен тіласты өзегі арқылы өтіп кезбе
нервті артқы бүйірінен орап ішкі ұйқы артериясымен ішкі мойындырық венаның
арасымен төмен түседі. Сонан соң ол біз-тіласты бұлшықетімен қос қарыншалы
бұлшықеттің артқы қарыншасын төменінен орайды да төменгі жақасты үшбұрышына бет
алады. Осы тұста тіл асты нерві 1-2 – жұлын нервтері түбіршіктерінің алдыңғы
тармақтарын қабылдап мойынның терең ілмегін түзеді. 1,5 – 2 см бойы бұл түбіршік
тіласты нервімен ере жүріп, оның қабықтарын жамылғы ретінде қолданады. Ілмектің
жоғарғы түбіршігі (мойын өрімі) тіласты, үсті бұлшықеттерінің біреуіне тармақ береді.
Мойынның терең ілмегінің жоғарғы түбіршігі бөлінгеннен кейін тіласты нерві томпақ беті
төменге қараған доға түзіп тілдің ішіне кіреді де сансыз көп, тілдік тармақтарға, rami
liguales, бөлінеді.
Сонымен тіласты нерві, тілдің барлық қаңқалық және меншікті бұлшықеттерін
нервтендіреді.
305
Достарыңызбен бөлісу: |