Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Жоғарғы құрсақастылық өрім



Pdf көрінісі
бет187/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Жоғарғы құрсақастылық өрім 
(plexus hypogastricus superior) омыртқы 
бағанасының (L
ІҮ-Ү
–S
І
) алдыңғы бетінде жалпы мықын артерияларының арасындағы 
кеңістікте орналасады. Екінші сегізкөз омыртқасының деңгейінде өрім екі тармаққа 
(n.hypogastricus dexter ̸ sinister) бөлініп, кіші жамбас қуысының артқы-бүйір қабырғасында 
орналасатын жұп 
оң
және 
сол
төменгі құрсақастылық өрімге
(plexus hypogastricus inferior 
s.plexus pelvinus) ауысады. Төменгі құрсақастылық өрім есебінен келесі висцералды 
өрімдер түзіледі: 
ортаңғы тік ішек өрімі
(plexus rectales medii), 
төменгі тік ішек өрімі
(plexus rectales inferiores), 
қуықасты без өрімі 
(plexus prostaticus), 
шәует шығаратын 
түтік өрімі
(plexus deferentiales), 
жатыр-қынап өрімі
(plexus uterovaginalis) және 
үңгірлік 
нервтер
(nn.cavernosi). 
Вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің 
қызметін біріктіретін және реттейтін орталықтар мишықта, гипоталамус ядроларында 
және жолақты денеде орналасқан. 
Барлық нерв жүйесінің қызметін реттейтін жоғарғы орталықтар үлкен ми 
қыртысында орналасады.
СЕЗІМ АҒЗАЛАРЫ 
Көру ағзасы. 

Көру ағзасы
, organum visus, 
адамның қоршаған ортамен арақатынасын қамтамасыз 
ететін сезім ағзаларының өте маңызды бөлігі болып табылады. Эволюция барысында адам 
көзі түрлі-түсті кескін қабылдап, жарық шоғырына бағыттала қимылдай алатын күрделі 
құрылымды ағзаға айналды. Көру ағзасының құрамына 
көз, oculus, 
(грек. 
оphtalmos

немесе 
көз алмасы, көру нерві
және 
көздің қосалқы ағзалары
кіреді. 


322 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет