Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет37/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

ІІ кезең 
1. 7-ден 16-ға дейін 
Бассүйек негізінің өсуі баяулайды, мидың жедел өсуі салдарынан бассүйектің
төбесі үлкейеді. 
ІІІ кезең 
16 жастан кейін 
1. Маңдай аймағы мен беттік бөлігі басымырақ өседі. 
2. Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері қалыптасады. 
3. Бассүйектің өсуі тоқтайды. 
Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері: 
1. Еркек бассүйегі әйелдердікінен 10%-ға көлемділеу. 
2. Әйелдер бассүйегі тегістеу, еркектерде бассүйек төмпелері, сызықтары,
доғалары айқындылау. 
Бассүйектің тұлғалық ерекшеліктері: 
Бассүйектің тұлғалық ерекшеліктерін краниология ғылымы зерттейді.
Краниологияда екі негізгі зерттеу тәсілдері қолданылады: 
1. Краниоскопия – бассүйекті сыртай зерттеу 
2. Краниометрия – бассүйек өлшемдері 
Бассүйек өлшемдері оның индексін анықтау үшін жүргізіледі. Бассүйек
индексі бассүйек ұзындығының еніне қатынасымен төменгі формула
бойынша анықталады: 
Сызбанұсқа (схема) 
Х =
Н х 100
𝐿
Ортаңғы ұзындығы = 175 мм 
Ені = 133 мм 
Индекс = 175 х 100 : 133 = 75 


81 
Х 
– бассүйек индексі 
Н
– бассүйек ені 
L
– бассүйек ұзындығы 
75-тен 80-ге дейінгі индекс – ортабастылар (мезоцефалдар) 
75-тен төмен – ұзынбастылар (долихоцефалдар) 
80-нен жоғары – қысқабастылар (брахиоцефалдар) 
 
 
Сүйек қосылыстары туралы ілім – артрология 
(Arthrologia) 
 
Сүйек қосылыстары тірек-қимыл аппаратының бір бөлігі болып табылады, олар 
сүйектерді өзара қосып, байланыстырып тұрады. Сүйек қосылыстарының негізгі екі: 
үздіксіз (үздіксіз) және үздікті (үздікті) түрлерін ажыратады. Сүйек қосылыстарының 
үшінші түрі – жартылай буындар (симфиз) деп аталады. 
Сүйектердің үздіксіз қосылыстары 
 
Үздіксіз қосылыстар жағдайында сүйектер бір-бірімен дәнекер тін қабаты арқылы 
байланысады. Үздіксіз қосылыстарда қозғалыс болмайды немесе өте аз көлемде іске 
асады. 
Омыртқалылар эволюциясында және адам эмбриогенезінде алдымен үздіксіз, 
одан кейін үздікті қосылыстар пайда болады. 
Халықаралық анатомиялық номенкулатура бойынша (Нью-Йорк 1998, Мәскеу, 
2003;) үздіксіз қосылыстар – фиброздық, шеміршектік және сүйектік деп бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет