87
буындарға шектеулі қозғалыстар (омыртқа бағанасындағы буындар) өзара қосылып,
адам тұлғасының орналасу жағдайын өзгертеді. Сонымен қатар, тілерсек сүйектерінің
жалпақ буындар арқылы өзара аздап ығысуы нәтижесінде жүрген, секірген кездегі
шайқалулар мен соққылар әсері азайып, жұмсарады. Білезік сүйектері де әртүрлі
қозғалыс кезінде осындай қызмет атқарады.
Қол басындағы және аяқ басындағы жалпақ буындар аталған бөліктердің қызмет
атқару кезіндегі серпімділігін арттырады, яғни, бір затты ұстағанда немесе түйіскенде
тығыз жанасуды қамтамасыз етеді.
Буындарды түзуге қатысатын сүйектердің санына байланысты: қарапайым және
күрделі буындарды бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: