102
–
кәрі жілік-білезіктік алақандық байлам, lig. radiocarpale palmare,
кәрі жіліктің
дисталды шетінің алдыңғы бетінен басталып білезік сүйектерінің проксималды
қатарына және басты сүйекке барады;
кәрі жілік-білезіктік сыртқы байлам, lig.
radiocarpale dorsalе,
кәрі жіліктің дисталды эпифизінің артқы бетінен басталып, білезік
сүйектерінің проксималды қатарына барады.
Білезіктің ортаңғы буынын
, articulatio mediocarpalis,
білезіктің проксималды
қатарының үш сүйегі (бұршақтәрізді сүйектен басқасы) мен дисталды қатардың
сүйектері түзеді. Буын қуысы S-тәрізді саңылау түрінде болады да, оның бөліктері
сүйектердің аралықтарына еніп тұрады. Буын қуысының мұндай пішінді болу себебі,
қайықтәрізді сүйек (проксималды қатардан) бір жағынан, басты сүйек пен ілмектәрізді
сүйек (дисталды қатар) екінші жағынан буын қуысына еніп тұрады. Буын қапшығы
буындық беттердің жиектеріне бекиді, сыртқы жағынан өте жұқа, біраз бостау болып
келеді. Қосылысатын буындық беттердің көлемдерінің айырмашылығы аз, сондықтан
бұл аз қосылысты буындарға жатады, қимыл тек фронталды білік айналасында (бүгу,
жазу), кәрі жілік-білезік буынындағы қозғалыспен бірге іске асады (үйлесімді буын).
Буын қуысы білезікаралық буындардың қуыстарымен жалғасады.
Білезікаралық буындар
Достарыңызбен бөлісу: