Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Қолдың еркін бөлігінің буындары



Pdf көрінісі
бет51/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия
7 сынып ҚМЖ 3-тоқсан 5 сабақ
Қолдың еркін бөлігінің буындары 
 
Иық буыны 
Иық буынын
, articulatio humeri,
тоқпан жіліктің басы мен жауырынның буындық 
ойысы түзеді. Буындық ойыстың жиегін бойлай, буындық беттердің сәйкестілігін 
(конгруэнттілігін) ұлғайтатын 
буындық ернеу, labrum glenoidale,
орналасқан. Буын – 
пішіні бойынша щартәрізді, көпбілікті, буындардың ішіндегі ең қозғалмалысы болып 
табылады. Себебі қосылысатын буындық беттердің айырмашылығы үлкен 
(инконгруэнтті), буындық қапшық жұқа және еркін бекіген. Буындық қапшық 
жауырындағы буындық ойыстың жиегіне және ернеудің сыртқы бетіне, тоқпан жіліктің 
анатомиялық мойнына бекиді. Екі төмпешік буын қуысының сыртында жатады. 
Буындық қапшықты жоғарғы жағынан 
құстұмсық-тоқпан жілік байламы, lig. 
coracoacromiale,
бекітіп тұрады. Ол құстұмсықтәрізді өсіндінің негізінен басталып, 
тоқпан жіліктің анатомиялық мойнының жоғарғы бөлігіне бекиді. Буындық қапшықты 
байламдардан басқа жанында жататын 
mm. supraspinatus, infraspinatus, teres minor, 
subscapularis,
бұлшықеттерінің сіңірлері де бекітіп тұрады. Бұл буынның ерекшелігі 
оның қуысы арқылы иықтың екі басты бұлшықетінің сіңірі (tendo m. bicipitis brachii) 
өтеді. Сіңір, 
төмпешікаралық синовиалық қынапқа, vaqina synovialis intertubercularis,
жалғасатын синовиалық жарғақтың өсіндісімен жабылған. Буындық қапшықтың 


99 
синовиалық жарғағының екінші өсіндісі 
жауырынасты бұлшықетінің сіңіріастылық 
қабын, bursa subtendinea m.subscapularis,
түзеді. Жиі жағдайда буын мен аталған 
қаптың қуыстары өзара жалғасып жатады. 
Иық буынында: 1) фронталды білік айналасында – бүгу және жазу; 2) сагитталды 
білік бойынша – әкелу және әкету (горизонталды деңгейге дейін, одан жоғары 
көтерілуге 
lig. coracoacromiale
мүмкіндік бермейді, қолдың горизонталды деңгейден 
жоғары көтерілуі төс-бұғана буынында іске асады); 3) вертикалды білік айналасында – 
ішке және сыртқа айналу; 4) шеңберлік қозғалыстар іске асады.
Иық буынының қозғалмалы және байламдарының аз болуына байланысты қолдың осы 
буында шығуы жиі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет