Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Іштің тік бұлшықетінің қынабы



Pdf көрінісі
бет70/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия
7 сынып ҚМЖ 3-тоқсан 5 сабақ
Іштің тік бұлшықетінің қынабы
vagina m.recri abdominis, екі қабырғасы 
болады: 
алдыңғы және артқы, 
олар ұзына бойына бірдей орналаспаған: 
1) linea arcuata-дан жоғары: 
1.1) алдыңғы қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозынан және 
іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің алдыңғы табақшасынан құралған; 
1.2) артқы қабырғасы іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің артқы табақшасынан, 
көлденең шандырдан және ішастардан құралған; 
2) linae arcuata-дан төмен: 
2.1) 
алдыңғы 
қабырғасы 
іштің 
барлық 
жалпақ 
бұлшықеттерінің 
апоневроздарынан құралған; 
2.2) артқы қабырғасы көлденең шандырдан және ішастардан құралған. 
Іштің ақ сызығы
linea alba - қарама-қарсы орналасқан іштің барлық 
жалпақ бұлшықеттерінің апоневроздарының бір-бірімен ортаңғы сызықта қиылысуы. 


130 
Ол кіндіктен жоғары жалпақтау және жұқалау; кіндіктен төмен – жіңішке және 
қалыңдау. 
Шап өзегі, 
canalis inguinalis - бұл шап байламының медиалді және ортаңғы 
бөліктерінің үстінде орналасқан саңылаутәрізді кеңістік. Ер адамдарда шап өзегінде 
шәует шылбыры, funiculus spermaticus, әйелдерде –жатырдың жұмыр байламы, lig.teres 
uteri орналасады. Өзектің төрт қабырғасы және екі тесігі бар. 
1.
Қабырғасын түзетін құрылымдар:
- алдыңғы - m.obliquus abdominis апоневрозы; 
- артқы - f.transversalis және ішастар; 
- жоғарғы - m.obliquus internus abdominis et m. transversus abdominis-тің төменгі 
будалары; 
- төменгі - lig.inguinale. 
2. Сыртқы тесігі (беткей шап сақинасы), annulus inguinalis superficіalis - бұл іштің 
сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозындағы саңылау. Оны шектеп тұратындар: 
- төменнен – латералді аяқша, crus laterale; 
- жоғарыдан – медиалді аяқша, crus mediale; 
- латералді – аяқшааралық талшықтар, fibrae intercrurales; 
- медиалді – қайырылған байлам, lig.reflexum. 
3. Терең шап сақинасы, annulus inguinalis profundus шап байламының латералді және 
ортаңғы бөлімдерінің арасындағы шекара деңгейінде орналасқан, латералді шап 
шұңқырына сәйкес келеді, fossa inguinalis lateralis - іштің ішкі қабырғасындағы шап 
өзегінен шәует шылбырының шығатын жеріне сәйкес келетін ұңғыл. 
Бел ұшбұрышын
, trigonum lumbale, оны шектейтіндер: 
- төменнен – crista iliaca; 
- медиалді - m.latissimus dorsi жиегі; 
- латералді - m.obliquus abdominis externus жиегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет