Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет77/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Мойын шандырлары 
1.
Мойынның беткей шандыры, f.cervicalis superficialis. 
2.
Мойынның меншікті шандыры, f.cervicalis propria, екі бөліктен тұрады: тіластыастылық 
және тіластыүстілік. 
Тіластыастылық бөлігі 3 табақшадан тұрады: 
1)
Мойынның меншікті шандырының беткей табақшасы, lamina superficialis f.cervicalis 
propria, бұғаналардың алдыңғы беттері мен төс тұтқасынан басталып тіласты сүйегіне 
дейін барады, төс-бұғана-емізік бұлшық етін қаптап жатады; 
2)
Мойынның меншікті шандырының кеңірдекалды табақшасы, lamina pretrachealis f. 
сervicalis propria; жауырын-бұғана апоневрозы, aponeurosis omoclavicularis; бұғаналар 


137 
мен төс тұтқасының артқы беттерінен басталып, тіласты сүйегіне дейін барады, тіласты 
сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттерді жауып жатады. 
3)
Мойынның меншікті шандырының омыртқаалды табақшасы, lamina prevertebralis 
f.cervicalis propria, бассүйек негізінен басталып, ІІІ кеуде омыртқасының денесіне дейін 
барады; латералді жағында ол мойын омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекитін 
де, мойынның терең бұлшықеттеріне сүйекті-талшықты құндақ түзеді. 
Тіластыүсті бөлігінің 2 табақшасы бар: 
1)
Беткей табақшасы беткей шандырдың астында орналасады; бас аймағында ол 
f.parotidae et masseterica-ға ауысады; 
2)
Терең табақшасы жақ-тіласты бұлшықеттерінің төменгі бетін жабады; бас аймағында 
ол f.buccopharyngea-ға ауысады; бұл табақшалардың арасында қос қарыншалы 
бұлшықет, жақасты сілекей безі орналасады. 
3)
Мойынішілік шандыр, f.endocervicalis: париеталді табақшасы, lamina parietalis 
f.endocervicalis, мойын қуысын ішкі жағынан астарлайды да, мойынның тамыр-нервтік 
шоғырына талшықты құндақ түзеді; висцералді табақшасы, lamina visceralis 
f.endocervicalis, - мойын ағзаларының әрқайсысын (жұтқынщақ, өңеш, көмей, кеңірдек, 
қалқанша безі) бөлек қаптайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет