Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


КӨМЕЙ ШЕМІРШЕКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет107/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

КӨМЕЙ ШЕМІРШЕКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ 
ҚАЛҚАНША-ЖҮЗІКТӘРІЗДІ БУЫН
(articulatio crico-thyroidea) үйлесімді буындарға 
жатады, бұнда фронтальды біліктің бойында қозғалыс мүмкін. 
Жұп, жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының бүйір жақтарының буын беттерімен 
қалқанша шеміршектің төменгі мүйізшелерінің қосылуынан түзілген. 
Жүзік-ожаутәрізді буын (articulatio cricoarytenoidea). Буында вертикальды біліктің 
бойымен қозғалыс болады. Буын жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының буын 
беттерінің ожаутәрізді шеміршектің негізімен қосылуынан түзілген. 
Көмей шеміршектерінде үздікті қосылыстармен бірге үздіксіз қосылыстарда кездеседі. 
Қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегі, қалқанша-тіласты жарғағы (membranо 
thyrohyoidea) арқылы тіласты сүйегімен байланысқан, жарғақтың ортаңғы және бүйір 
бөліктерінің қалыңдаған аймақтары, ортаңғы қалқанша-тіласты (lg.thyrohyoidea medianum) 
және бүйір қалқанша-тіласты (lg.thyrohyoidea lateralis) байламдарына айналады. 
Көмей қақпақшасы қалқанша шеміршекпен қалқанша-көмей қақпақшасы байламы 
(lg.thyroepiglotticum), ал тіласты сүйегімен тіласты-көмей қақпақшасы байламы 
(lg.hyoepiglotticum) арқылы қосылады. 
Жүзіктәрізді шеміршек кеңірдектің бірінші сақинасымен арасында керіле орналасқан 
жүзік-кеңірдек байламы (lg.cricоtracheale), ал қалқанша шеміршекпен жүзік-қалқанша 
байламы (lg.cricothyroideum), арқылы қосылады. 


193 
КӨМЕЙ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ 
Көмей бұлшықеттері келесі қызметтер атқарады: дауыс саңылауын кеңейтеді, дауыс 
саңылауын тарылтады, дауыс қатпарларын кереді. 
 
 
ДАУЫС САҢЫЛАУЫН ТАРЫЛТАТЫН БҰЛШЫҚЕТТЕР: 
1.
Қалқанша-ожаутәрізді бұлшықет (m.thyroarytenoideus) жұп, қалқанша шеміршектің 
ішкі бетінен басталып жүзіктәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді. 
2.
Латеральді жүзік-ожаутәрізді бұлшықет (m.cricoarytenoidеus lateralis) жұп, 
жүзіктәрізді шеміршектің бүйір бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің 
бұлшықеттік өсіндісіне бекиді. 
3.
Көлденең ожаутәрізді бұлшықет (m.arytenoideus obliguus) жұп, ожаутәрізді 
шеміршектердің артқы беттерінде орналасқан. 
4.
Қиғаш ожаутәрізді бұлшықет (m.arytenoideus obliguus), жұп, сол шеміршектің 
бұлшықеттік өсіндісінен басталып оң шеміршектің бүйір бетіне бекиді. Қарама-
қарсы бұлшықеттің жолы да дәл осылай, бірақ керісінше. Бұл бұлшықеттің 
талшықтарының бір бөлігі ожау-көмей қақпашығы бұлшықетіне (m.aryepiglotticus) 
жалғасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет