Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет109/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

ӨКПЕ ЖӘНЕ БАСТЫ БРОНХТАР 
Өкпе (pulmonaes) бір-бірінен көкірекаралық ағзалармен бөлінген өкпеқаптарда 
орналасқан. 


195 
Өкпеде, көкеттік (facies diaphragmatica), қабырғалық (facies costalis), көкірекаралықтық 
(facies mediastinalis) беттерді және ұшын (apex pulmonis) айырады. 
Көкірекаралық беттің, ортасынан жоғарылау сопақ пішінді ойыс өкпе қақпасы (hilum 
pulmonis) орналасқан. Ол арқылы өкпеге басты бронх, өкпе артериясы, нервтер кірсе, өкпе 
веналары мен лимфа тамырлары шығады. Аты аталған түзілістердің жиынтығы өкпе 
түбірін (radix pulmonis) құрады. Қақпада басты бронхтар үлестік бронхтарға (bronchi 
lobalis), олар өз ретінде сигменттік бронхтарға (bronchi segmentales) бөлінеді. 
Сол жоғарғы үлестік бронх (bronchus lobaris superior sinister), жоғарғы және төменгі 
тілшелік, алдыңғы және ұштық-артқы сегменттік бронхтарға бөлінеді. 
Сол төменгі үлестік бронх (bronchus lobaris inferior), жоғарғы, алдыңғы, артқы, медиалды 
және латералды, базальді сегменттік бронхтардан тұрады. 
Оң жоғарғы үлестік бронх (bronchus lobaris superior dexter), ұштық, алдыңғы және артқы 
сегменттік бронхтарға бөлінеді. 
Оң ортаңғы үлестік бронх (bronchus lobaris media dexter), медиалды және латералды 
сегменттік бронхтардан құралған. 
Оң төменгі үлестік бронх (bronchus lobaris inferior dexter), жоғарғы, алдыңғы, артқы, 
медиалды және латериальды базальді сегменттерден түзілген. 
Өкпенің көкірекаралықтық беті қабырғалық бетінен алдыңғы жиегі арқылы бөлінген, осы 
аймақта астынан сол өкпенің тілшігімен (lindula pulmonis sinistri) шектелген жүрек тілігі 
(incisura cardiaca) орналасқан. Өкпенің көкеттік, қабырғалық және көкірекаралықтық 
беттері бір-бірінен төменгі жиекпен (margo inferior) шектелген. Сол өкпе қиғаш 
саңылаумен (fissure obligua) жоғарғы және төменгі үлестерге (lobus superior, lobus inferior) 
бөлінген, ал оң өкпеде осыған қосымша, жоғарғы үлесті ортаңғы үлестен бөлетін 
горизонтальді саңылау (fissure horizontalis) бар. Сонымен сол өкпе екі үлестен, ал оң өкпе 
үш үлестен тұрады.
Өкпе сегменті дегеніміз ұшы өкпе түбіріне қараған, ал негізі ағза бетіне бағытталған, өкпе 
тінінің бір аймағы.
Сегмент өкпе үлесшелерінен құралған. Сегменттік бронхтар он (10) рет бөлінеді: 
үлесшеге үлесшелік бронх (bronchus lobularis) кіріп қабырғаларында шеміршектік тін 
сақталмаған шеткі бронхшаларға (bronchioli terminalis) әрі қарай шеткі бронхшалар тыныс 
бронхшаларына (bronchioli respiratorii) бөлінеді. Олардан альвеолалық жолдар (ductuli 
alveolares) басталып қабырғалары өкпе альвеолаларынан (alveoli pulmonis)құралған 
альвеолық қапшықтармен (sacculi alveolares) аяқталады. Барлық бронхтардың жиынтығы 
бронх ағашын (arbor bronchialis), ал тыныс бронхшаларынан басталып өкпе 


196 
альвеолаларымен аяқталатын бөлігі АЛЬВЕОЛАЛЫҚ АҒАШТЫ (arbor alveolaris) немесе 
ӨКПЕ АЦИНУСЫН құрайды. 
Екі өкпедегі альвеолалар саны 700 млн., ал біріктірілгендегі аумағы – 160 м
2
-дей. Өкпелер 
қолқаның кеуделік бөлігінің тармағы бронхтық артериямен қанмен қамтамасыз етілсе, 
веналық ағым сыңар, жартылай сыңар және өкпе веналары арқылы жүзеге асады. Лимфа 
ағымы бронх-өкпелік, жоғарғы және төменгі кеңірдек-бронхтық лимфа түйіндеріне құяды. 
Өкпе, симпатикалық сабау тармақтарымен, кезбе нервтен түзілген өкпе өрімінің (plexus 
pulmonalis) тармақтарымен нервтенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет