Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет41/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Б ір білікті буындар 
 
Цилиндртәрізді буын
, articulatio trochoidea,
буындасатын бір сүйектің буындық 
беті дөңес, екіншісінің буындық беті ойыс болып, екеуінің де пішіні цилиндр тәрізді 
болады. Цилиндр тәрізді буындарға ауыз омыртқа-біліктік орталық буын, кәрі-шынтақ 
жіліктік проксималды және дисталды буындар жатады. Бұл буындарда қимыл 
вертикалды білік бойынша - айналу, rotatio, түрінде жүреді, сонымен қатар сүйектердің 
бойлық бағыты бойынша жылжуы мүмкін. 
Шығыршықтәрізді буын
, ginglymus
, цилиндртәрізді буынға ұқсас, вертикалды 
емес горизонталды орналасқан, буындық басында қыршасы, ал буындық ойысында – 
сәйкес жүлгесі болады. Қырша мен жүлге қозғалыс кезінде сүйектердің бүйірлік 
жылжуларына жол бермейді. Буынның бұл түрінде қимыл фронталды білік 
айналасында – flexio және extensio түрінде іске асады. Оларға бунақаралық және 
бақайшақаралық буындар жатады. 
Шығыршықтәрізді буындық беттердегі қырша мен жүлге қиғаш орналасса бұл 
буын 
винттәрізді буын
деп аталады. Бұл буында да қозғалыс фронталды білік 
айналасында жүреді (тоқпан-шынтақ жілік буыны). 
Екі білікті буындар
Эллипстәрізді буын

articulatio ellipsoidea,
инконгруэнтті, эллипс кесіндісі 
сияқты буындық шұңқыр мен буындық бастан түзілген. Бұл буында сагитталды білік 
айналасында – әкелу және әкету, фронталды білік бойында – бүгу және жазу 
қимылдары іске асады. Мысалы, кәрі жілік-білезік буыны. 


86 
Ертоқымтәрізді буын

articulatio sellaris,
буындық беттердің пішіні ертоқымға 
ұқсас, біреуі дөңес, екіншісі ойыс болып келеді. Буынның осы пішіні бас бармақтың 
білезік-алақан сүйек буынында кездеседі. Фронталды білік айналасында бүгу және 
жазу, сагитталды білік бойында әкелу және әкету қозғалыстары жүзеге асады. 
Айдаршықты буын

articulatio bicondylaris,
буындық беттердің біреуін 
айдаршықтар түзеді, мысалы, тізе буынында буындық беттерді бір жағынан ортан 
жіліктің айдаршықтары түзсе, ал ауыз омыртқа-шүйде буынында шүйде сүйектің 
айдаршықтары құрайды. Бұл буындардағы біліктің біреуі әрқашанда фронталды 
болады, ал екіншісі вертикалды немесе сагитталды біліктер болып келеді. Мысалы, тізе 
буынындағы қимылдар фронталды, вертикалды біліктер айналасында, ал ауыз 
омыртқа-шүйде буынында фронталды, сагитталды біліктер бойынша іске асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет