Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет43/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Қарапайым буын,
articulatio simplex, 
екі сүйектен түзілген 
(төс-бұғана буыны). 
Күрделі буын,
articulatio composita, 
үш және одан да көп 
сүйектерден құралған (шынтақ буыны, білезіктің орталық буыны). 
Сонымен қатар, буындарда кездесетін қосымша құрылымдарға және 
қимылдардың бір-біріне тәуелділігіне байланысты: кешенді және үйлесімді буындарды 
ажыратады. Буынның ішінде шеміршекті диск немесе мениск болса ол 
кешенді буын
деп аталады. 
Пішіндері бойынша екі біліктіге жататын буындар қуысында диск болған 
жағдайда көп білікті буын сияқты қызмет атқарады (шықшыт, төс-бұғана буындары). 
Егер жеке орналасқан бірнеше буындар бірлесіп қана қызмет атқара алатын болса, 
олар 
үйлесімді буындар
болып табылады (проксималды және дисталды кәрі-шынтақ 
жілік буындары, шықшыт буыны). 
Буындар биомеханикасында байламдар қызметінің маңызы зор: олар буындарды 
бекітеді, қимылдарды бағыттайды (жанама байламдар) немесе тежейді; денені 
вертикалды бағытта ұстап тұруға қатысады (омыртқа бағанасының байламдары, 
мықын-ортан жілік байламы). 
Тұлға сүйектерінің қосылыстары 
Омыртқалар арасындағы қосылыстар 
Омыртқалар арасында олардың денелерінің, доғаларының және өсінділерінің 
қосылыстарын ажыратады. Омыртқалар бір-бірімен 
синдесмоздар, синхондроздар, 
синостоздар, симфиздер
және 
буындар
арқылы байланысады. 


88 
ІІ мойын омыртқасынан Ү бел омыртқасына дейін олардың денелері шеміршектік 
омыртқааралық дисктер, disci intervertebrales,
және 
омыртқааралық симфиздер, 
symphysis intervertebrales,
арқылы байланысқан. Дисктің ортасында 
сілікпетәрізді 
ядро, nucleus pulposis,
(хорданың қалдығы), оны қоршай 
фиброзды сақина, annulus 
fibrosus,
жатады. Омыртқа бағанасын омыртқааралық диск арқылы кескен кезде, 
сілікпетәрізді ядро томпайып шығып тұрады, ол қозғалыс кезіндегі дененің сілкінісін
солқылын және шайқалуын жұмсартатын серпімді анатомиялық құрылым болып 
табылады. Сілікпетәрізді ядроның ішінде кей жағдайларда қуысы болады, бұл кезде 
синхондроз симфизге айналады. Дисктердің қалыңдығы әртүрлі, омыртқа бағанасының 
кеуделік бөлігінде ең жұқалары орналасса (3-4 мм), белдік бөлігінде ең қалыңдары (9-
12 мм) орналасады. Оның себебі омыртқа бағанасының кеуделік бөлігі аз қозғалмалы, 
ал белдік бөлігі ауқымды қозғалмалы және оған көп салмақ түсетіндіктен қалың болып 
келеді. Омыртқа бағанасының ең қозғалмалы мойындық бөлігіндегі дисктердің 
қалыңдығы 5-6 мм болады.
Омыртқа бағанасының алдыңғы бетінде 
алдыңғы бойлық байлам, lig. longitudinale 
anterius,
орналасқан, ол шүйде сүйектің базилярлық бөлігі мен ауыз омыртқаның 
алдыңғы доғасынан басталып, төмен жүріп, сегізкөздің алдыңғы бетінде, 2-3 көлденең 
сызықтардың деңгейінде аяқталады. 
Артқы бойлық байлам, lig. longitudinale posterius

омыртқа бағанасы өзегінің ішінде орналасқан, біліктік омыртқа денесінің артқы бетінен 
басталып, омыртқалар денесінің артқы бетімен төмен түседі де сегізкөз 
омыртқаларында немесе құйымшақта аяқталады. Алдыңғы байлам омыртқа 
бағанасының жазылуын (шалқаюын), артқы байлам оның бүгілуін (еңкеюін) тежейді. 
Омыртқалардың доғалары бір-бірімен 
сары байлам, lig. flavum
, арқылы байланысқан. 
Бұл байлам серпімді дәнекер тіннен түзілген, сондықтан омыртқа бағанасын тік ұстауға 
әсер етеді.
Омыртқа өсінділерінің қосылыстары. Қылқанды өсінділердің өзара қосылыстары 
қылқанаралық байламдар, ligg. interspinalia
, және 
қылқанүстілік байлам, lig. 
supraspinale,
арқылы іске асады. Қылқанүстілік байлам барлық омыртқалардың 
қылқанды өсінділерінің ұштарына бекіп, бүкіл омыртқа бағанасын бойлай жатады. 
Омыртқа бағанасының мойындық бөлігінде бұл байлам өте жақсы дамыған 
үшбұрышты фиброзды табақшаға айналып, 
желке байламы, lig. nuchae
, деп аталады. 
Сүтқоректілерде басты ұстап тұратын бұл байлам өте жақсы дамыса, ал адамдардың тік 
жүруіне байланысты нашар дамыған.


89 
Көлденең өсінділер бір-бірімен 
көлденеңаралық байламдар (синдесмоз), ligg. 
іntertransversaria,
арқылы байланысқан. 
Омыртқалар буындық өсінділері арқылы өзара 
доға-өсінділік буындар, 
articulationes zygopophysiales,
түзеді. Бұл буындар үйлесімді, пішіні бойынша жалпақ, 
яғни көп біліктілерге жатады, бірақ буындық беттерінің айырмашылықтарының аз 
болуына байланысты қозғалыс көлемі де аз болады (өзара жылжиды). Буын қапшығы 
буындық беттердің жиегіне бекиді. Ү бел омыртқаның төменгі буындық өсінділері мен 
сегізкөздің жоғарғы буындық өсінділері – 
бел-сегізкөз буынын, art. lumbosacralis

түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет