140
Алдыңғы, жоғарғы және артқы құлақ бұлшықеттері,
mm.auricularis anterior, superior
et posterior,
нашар жетілген, кейбір адамдар ғана құлақ қалқанын қозғалысқа келтіре
алады.
3. Көз айналасындағы бұлшықеттер
Көздің дөңгелек бұлшықеті,
m.orbicularis oculi:
1 - көзұялық бөлігі, pars orbitalis, aditus orbitae-ні жиектеп жатады;
2 - қабақтық бөлігі,
pars palpebralis, жоғарғы және төменгі қабақ терілерінің астында
жатады;
3 - көзжастық бөлігі,
pars lacrimalis, crista lacrimalis posterior-дан басталады; көзжас
қапшығына барып бекиді;
- қызметі: pars lacrimalis – көзжас қапшығын кеңейту және оған көзжас сұйықтығының
құйылуы; pars palpеbralis – қабақтарды қабыстыру; pars orbitalis –
көзұя маңында
қатпарлардың түзілуі, көзді сығырайту.
Қас түйдіретін бұлшықет,
m.corrugator supercilii:
- басталатын жері: pars nasalis ossis frontalis;
- бекитін жері: қас терісі;
- қызметі: қасты төмен және медиалді жылжыту.
Тәкаппарлар бұлшықеті,
m.procerus:
- басталатын жері: мұрын қырқасы;
- бекитін жері: кеңсірікүсті терісі;
- қызметі: кеңсірікүсті аймағында терілік қатпарлар түзу.
4. Мұрын бұлшықеттері
Мұрын бұлшықеті
,
m.nasalis:
- басталатын жері: жоғарғы ит тіс пен латералді күрек тістік
juga alveolaria
;
- бекитін жері: а) көлденең бөлігі
, pars transversa
, -
қарама-қарсы жақтағы аттас
бөлігімен мұрын қырқасында бітіседі; б) қанаттық бөлігі,
pars alaris
,
-мұрын
қырқасының терісі.
- қызметі: а) көлденең бөлігі – мұрын тесігін тарылтады; б) қанаттық бөлігі –мұрын
қанаттарын түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: