Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет130/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия
Дидактика. , 9 сынып 3 тоқсан 2 нұсқа
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ІШКІ АҒЗАЛАР 
 
 
Асқорыту жүйесі 
 
Ауыз кіреберісі (vestibulum oris)-алдынан еріндер және ұрттар, ал артынан 
қызылиекпен тістер шектеген шағын кеңістік. 
Еріндер (labia)-қабысқанда шеттері езулермен (rima oris) аяқталатын, көлденең орналасқан 
ауыз саңылауын (rima oris) шектейтін бұлшықеттік қатпар. Еріннің көрінетін бетін жапқан 
тері ауыз қуысында шырышты қабыққа айналады. Жоғарғы ерін ұрттан еріндік жүлгемен 
шектелсе, төменгі ерін иектен иек-еріндік жүлге арқылы бөлінген. Еріндердің ішкі бетін 
түзген шырышты қабық қызылиектің шырышты қабығына өтеді осы өтудің нәтижесінде 
екі бойлық қатпарлар пайда болады-жоғарғы және төменгі ерін жүгеншігі (frenulum labii 
superuoris et frenulum labii inferiorioris). Еріндердің шырышасты негізінде түтіктері 
шырышты қабыққа ашылатын көптеген майда бездер орналасқан. 
Ұрттар (виссае), сыртынан терімен ішкі жағы шырышты қабықпен жабылған.Ұрт негізін 
ұрт бұлшықеті (m.buccinator) түзеді. Ұрттың майлы денесі сору актісі толыққанды болу 
үшін тек қана емшектегі балада жақсы жетілген, ұрттың шырышасты негізінде аздаған 
ұрттың бездер бар. 
Үлкен азу тіс үстіндегі ұрттың шырышты қабығының, екі жағынан шықшыт безінің 
бүртігін (papilla parotidea) түзіп шықшыт безінің түтігі ашылады. Ұрттың шырышты 
қабығы қызылиектің (gingiva) шырышты қабығына жалғасады. 
Қызылиек (gingiva)-қалың тығыз шырышты қабықпен қапталған төменгі және жоғарғы 
жақсүйектердің ұяшықтық өсінділері, қызылиектің шырышты қабығы тістер мойнын 
қаусырады. 
АУЫЗ ҚУЫСЫ МЕН ТІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Ауыз қуысы (cavitas oris) қабысқан жақсүйектерде тілмен толған . Оның сыртқы 
қабырғаларын тістік доғаларымен қызылиектердің тілдік беттері (жоғарғы және төменгі), 
жоғарғы қабырғасын таңдайлар, ал төменгі қабырғасын ауыздың көкетін құрайтын, 
тіласты сүйегінің астындағы бұлшықеттер түзеді. Тістер (dentes), қызылиектердің жоғарғы 
жиектерінің бойымен, жоғарғы және төменгі жақсүйектердің тістік ұяшықтарында 
орналасқан. Тістер ауыз қуысынан шырышты қабығының түрі өзгерген бүртіктері. Тістер 
үздіксіз қосылыстар-қағу (gomphosis)-арқылы түбірлерімен қозғалыссыз, ұяшықтарда 
бекіген. Тістердің қызметі: асты бөлу, шайнау, майдалау, сөйлеуді қалыптастыру және 
дыбыстардың дұрыс айтылуына мүмкіндік туғызу. Ересек адамдарда қалыпты тістер саны 


170 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет