Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет18/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
жиектер бір-бірімен үш бұрыш арқылы қосылады: қалың төменгі, ең жұқа жоғарғы 
және жауырынның мойны (collum) мен буындық ойысы (cavitas glenoidalis) орналасқан, 
латералдық. Ойыстың жоғарғы және төменгі жиектерінде иықтың екі және үш басты 
бұлшықеттерінің ұзын бастары басталатын буынүстілік және 
буынастылық 
төмпешіктер (tuberculum supra- et infraglenoidale) орналасады. Жауырында екі бетті 
ажыратады: үстінде үшбұрыш пішінді көлденең бағыттағы, қалыңдаған бос ұшы 
ауқымды өсінді – акромионмен аяқталатын жауырын қылқаны (spina scapula) 
орналасқан дорсалды (артқы) беті. Акромионның ұшында бұғанамен байланысатын 
буындық бет болады. 
Жауырын қылқаны артқы беттің тең емес екі шұңқырға бөледі: қылқанүсті (fossa 
supraspinata) және қылқанасты (fossa infraspinata), бұларда аттас бұлшықеттер жатады. 
Қабырғалық (алдыңғы) беті біршама ойыстау, жауырынасты бұлшықеті 
орналасқан жауырынасты шұңқырын түзеді. 
Сүйектенуі. 
Жауырынның сүйектенуі шеміршектік негізден, эмбриогенездің 
екінші айының соңында басты үш нүктеден (жауырын қылқаны да осыдан дамиды) 
басталады. Құстұмсық тәрізді өсінді 1 жаста сүйектеніп, 13-16 жаста жауырын 
денесімен бітіседі. Жауырынның төменгі бұрышында бірнеше нүктелер 16 жаста пайда 
болып, жауырынның денесімен 18-20 жаста қосылады, осы уақытта сүйектену үрдісі 
аяқталады. 
Бұғана (clavicula) көптеген сүтқоректілердің үлкен жылдамдыққа бейімделуінен 
(тұяқтылар және т.б.) бұғана толығымен жойылып кеткен. Бұғана жауырын 
акромионымен төс сабауы аралығында орналасқан S әрпі тәрізді, аздап иілген түтікті 
сүйек. Оның екі ұшы бар: домалақ, қалыңдау, төспен байланысатын буындық беті бар – 
төстік ұшы (extremitas sternalis) және жалпақ жауырын акромионымен буындасатын 
кішігірім буындық алаңы бар – акромиалды ұшы (extremitas acromalis). Бұғананың 
жоғарғы тегіс, төменгі бұдыр беттерін және алдыңғы, артқы имек жиектерін 
ажыратады. Бұғана екі жақты дамыған, оның төстік ұшы шеміршектік карокоидтан 
пайда болса, ал ортаңғы бөлігі жабын сүйектерінің тармағы болып саналады. 
Сүйектенуі. 
Бұғана сүйектің сүйектену нүктесі эмбриогенездің 6-шы аптасында 
16-18 жаста оның төстік ұшында пайда болып, сүйектену үрдісі 20-25 жас аралығында 
аяқталады. Иық белдеуі сүйектерінің морфологиялық негізгі ерекшеліктері қолдың 
қызметінің өзгеруімен тығыз байланысты. Адам кеуде торы алдынан артына қарай 
қысыңқы болғандықтан жауырынның буындық ойысы латералды ығысып, кеуде 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет